Әлем

Коронавирустың жаңа түрі Еуропаның 22 елінде табылды – ДДСҰ

© AP Photo / Oded BaliltyМаска киген адамдар
Маска киген адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирустың жаңа мутациясы –  SARS-CoV-2 желтоқсан айының ортасында Ұлыбританияда табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Spunik. Коронавирустың жаңа штаммы Еуропаның 22 елінде табылды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Барлық вирус сияқты COVID-19 да уақыт өте өзгерді. SARS-CoV-2 (VOC) түрінің адам денсаулығына әсері қандай деген сұрақ бәрін мазалайтынын түсінемін. Вирустың бұл штаммы Еуропа өңірінің жиырма екі елінде  анықталды", - деді Клюге онлайн брифинг барысында.

Ол коронавирустың жаңа штаммы өте жылдам таралатынын және барлық жастағы адамдарға жұғатынын атап өтті. Бірақ, айтуынша, жаңа мутация балалар үшін аса қауіпті емес.

Желтоқсан айының ортасында Ұлыбританияда коронавирустың жаңа мутациясы –  SARS-CoV-2  табылғаны хабарланған болатын.

Кейінірек Британияның жаңа респираторлық вирустық қатерлер жөніндегі консультациялық кеңесі елде анықталған штамм өте жұқпалы екенін растады және халықты сақ болуға шақырды. Вирустың жаңа түрі жылдам таралса да, өлім-жітім немесе ауыру дәрежесі жағынан қауіптірек екені айтылмайды.

Жаңалықтар
0