Әлем

Капитолийге шабуыл, Трампқа ультиматум – өткен түнде АҚШ-та не болды

© Sputnik / Медиабанкке өтуАкция протеста сторонников Дональда Трампа в Вашингтоне
Акция протеста сторонников Дональда Трампа в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америка президенті Трамптың жақтастары Конгресс ғимаратына, содан кейін Вашингтондағы сенат залына басып кірді. Екі палата да сайлаудың нәтижелері мақұлданатын отырысты тоқтатты

АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың Джорджия штатында демократтар атынан шыққан кандидат жеңіске жетті. Олар сенатты өз бақылауына алатынын хабарлағаннан кейін Америкада тәртіпсіздіктер басталды.

Енді жоғарғы палатадағы дауыстар тең 50-де 50 болып бөлінетін болды. Алайда сайланған вице-президент Камала Харрис жоғарғы палатаның төрағасы болып табылады және дауыс бере алады. Бір дауыстың өзі демократтарға артықшылық беріп отыр.

Демократтар қазірдің өзінде өкілдер палатасын басқарып отыр. Конгресстің екі палатасындағы басшылық оларға Джо Байден әкімшілігі жанындағы ішкі саяси күн тәртібін неғұрлым еркін жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Капитолийге шабуыл

Қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамптың ондаған мың жақтаушысы президент сайлауының нәтижелеріне қарсы митингке шықты. Олар Капитолийге бару үшін Ақ үйдің оңтүстік жағына жиналды.

Трамп бір күн бұрын Джорджия штатында сөйлеген сөзінде Ақ үйді Байденге "бермеуге" уәде берді. Америкалық көшбасшы егер демократтар сенат пен әкімшілікті "басып алса", президенттік лауазым үшін "тозақ шайқасын" ұйымдастыру туралы жоспарын бөлісті.

АҚШ Конгресі қарашада өткен президент сайлауының нәтижелерін ресми түрде бекіту рәсімін бастады, сол кезде Трамптың жақтастары Капитолий қоршауынан (Конгресс ғимараты) өтіп, кешен ғимараттарының біріне кірді.

Полиция оларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды.

Сенат тәртіпсіздіктерге байланысты жиналысты тоқтатты, Вашингтон жергілікті уақыт бойынша 18.00-де коменданттық сағат енгізді. Трамп Twitter-де Вашингтондағы наразылық білдірушілерді бейбіт әрекет етуге шақырды.

Әскери әуе күштері ардагері жарақат алды

Капитолийдағы атыс кезінде АҚШ әскери әуе күштері ардагері Эшли Бэббитт көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости. Бұған дейін наразылықтар кезінде әйел ауыр жарақат алғаны белгілі болды. Полиция кейірінек оның ауруханада қайтыс болғанын хабарлады.

NPR радиостанциясының хабарлауынша, оны Капитолий полициясының аға қызметкері жарақаттаған деген болжам бар.

Бэббитт Сан-Диегода (Калифорния штаты) тұрған, президент Дональд Трамптың сенімді жақтаушысы болды. Ол 14 жыл әскери әуе күштерінде қызмет етті, төрт рет шетелде іссапарларға қатысты.

Кейінірек Конгресс ғимаратында тағы бес адам жарақат алды. Алайда содан кейін ФБР арнайы күштері Капитолийден қазіргі президенттің барлық жақтасын шығарды.

Трамптың әлеуметтік желідегі парақшалары бұғатталды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Instagram, Facebook және Twitter аккаунттары бұғатталды. Мұны әлеуметтік желінің басшысы Адам Моссери хабарлады.

"Президент Трамптың Instagram парақшасын 24 сағатқа жаптық", - деп жазды ол Twitter парақшасында.

Оның алдында Twitter президент аккаунтын 12 сағатқа, ал Facebook  24 сағатқа бұғаттады.

Аталған әлеуметтік желілер мен Youtube Трамптың наразылық танытқандарға арналған видеохабарламасын бұғаттап тастады, себебі ол жалпы ережені бұзып тұр.

Twitter Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге байланысты "@realDonaldTrump парақшасынан үш жазбасын жоюды талап еткенін" мәлімдеді.

"Бұл @realDonaldTrump осы жазбаларын өшіргеннен кейін 12 сағатқа бұғатталады деген сөз. Егер жазбаларын өшірмесе, парақша құлыпталған күйінде қалады", - делінген компания хабарламасында.

Ал Twitter әлеуметтік желі ережелерін тағы бұзған жағдайда Трамптың аккаунтын біржола бұғаттайтынын айтып қорқытты.

Төңкеріс жасамақ болды ма?

Трамп тәртіпсіздіктер кезінде Капитолийде наразылық білдірушілерге сайлаудың "ұрланғанын" мәлімдеді. Сондай-ақ, жақтастарын тарауға шақырды.

Сенат Конгресс ғимаратындағы отырысты қайта бастады.

Демократ сенаторлар, сондай-ақ АҚШ Өкілдер палатасы спикерінің көмекшісі қазіргі президент Дональд Трампты оның жақтаушылары Конгресс ғимаратын басып алғаннан кейін жауапқа тартуды талап етті.

Өкілдер палатасының мүшесі, демократ Ильхан Омар Вашингтондағы наразылықтарға байланысты Трампқа айып тағуға дайындалып жатқанын айтты.

"Бұл қатыгез тобыр мен олардың ашуын тудырған президент жауапкершілікке тартылуы керек. Оларға біздің демократиялық процестерімізді бір минутқа да созуына жол беруге болмайды", - деп жазды сенатор Патти Мюррей Twitter парақшасында.

Оның әріптесі Элизабет Уоррен бұл оқиғаны "төңкеріс жасамақ болды" деп бағалады және жауапкершілікті Трампқа жүктеді.

Республикалық сенатор Митт Ромни АҚШ астанасындағы жағдайды "президент арандатқан көтеріліс" деп атады.

Жаңалықтар
0