Әлем

"Грэмми" табыстау рәсімі кейінге шегерілді

© Photo : Предоставлено ООО «Сириус концерт»Зритель в концертном зале
Зритель в концертном зале - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премияны салтанатты табыстау күні нақты жарияланған жоқ. Болжамға сәйкес, көктемде болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар — Sputnik. АҚШ дыбыс жазу академиясының "Грэмми" премиясын табыстау рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді. Ол 31 қаңтарда өтуі тиіс болатын.

Бұл туралы Rolling Stone журналы хабарлады.

Басылымның мәліметіне сәйкес, салтанатты рәсімнің өтетін нақты күні жарияланбай отыр. Алайда ұйымдастырушылар наурыз айында болуы мүмкін екенін айтты.

"Грэмми" - шоу-бизнес әлеміндегі ауқымды премия. Ол жыл сайын табысталады. Музыкалық әлемдегі басты оқиға саналады. Әншілердің, дыбыс жазушылардың және продюсерлердің еңбегі еленеді.

Еске сала кетсек, қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Saint jhn "Roses" әніне жазған ремиксі "Үздік ремикс" номинациясында 2020 жылғы Грэмми сыйлығына ұсынылды. Imanbek 20 жастағы ақсулық диджей және музыкалық продюсер.

Жаңалықтар
0