Әлем

Достары шақырған: Жаңа жыл түні үйіне қайтып келе жатқан жас жігіт үсіп өлді

© Sputnik / Абзал КалиевСиница взлетает с ветки березы, пытаясь оторвать семена
Синица взлетает с ветки березы, пытаясь оторвать семена  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жігіт екі досымен бірге ішімдік ішкеннен кейін үйіне жаяу қайтуға бел буған. Жолда құлап қалып, орнынан тұра алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Татарстанда жаңа жыл түні үйіне қайтып келе жатқан 21 жастағы жігіт үсіп өлді. Бұл туралы "Татар-информ" ақпарат агенттігі хабарлады.

Жаңа жылдан кейін жоғалып кеткен жігіттің ата-анасы полициядан көмек сұрады. Мереке күні ол достарымен бірге ойын-сауық клубына барып, ішімдік ішкені анықталды. Осыдан кейін 21 жастағы жігіт туралы ешкім ештеңе естімеген.

Түні бойы салбырап тұрған: әйел қоршауға қыстырылып, үсіп өлді

Жақында кәсіпорынның жанынан оның денесі табылды. Мәйіттен зорлықпен өлтіру белгілері анықталған жоқ. Сараптама мәліметінше, ол қатты тоңып қалған.

Өлген жігіт екі досымен бірге ішімдік ішкеннен кейін үйіне жаяу қайтуға бел буған. Жолда құлап қалып, орнынан тұра алмаған. Оның телефоны сол жерден табылды.   

Жаңалықтар
0