Әлем

Үшінші ұлттық карантин енгізіледі: Ұлыбританияда жаңа шаралар қабылданбақ

© Sputnik / Владислав ВодневНаклейка на полу "Соблюдайте дистанцию"
Наклейка на полу Соблюдайте дистанцию - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдегі премьер-министр вирустың жаңа штаммы қорқынышты жылдамдықпен таралып жатқанын хабарлап, халыққа үндеу жасады

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус пандемиясының салдарынан үшінші ұлттық локдаун енгізілетіні туралы мәлімдеді, деп жазады РИА Новости. 

"Вирустың жаңа түрі үрейлі жылдамдықпен таралып жатыр", - деді Джонсон теледидар арқылы халыққа үндеу жасаған кезінде. 

Сейсенбіден бастап Англиядағы барлық мектеп қашықтан жұмыс істеуге режиміне көшеді. Оқу орындары аса маңызды мамандықтарда оқитындар үшін ғана ашық болмақ. Олардың қатарында дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, полицейлер, түрлі тауар жеткізушілері мен саудагерлер бар. 

Жергілікті халық далаға тек серуендеу, дәрігерге қаралу және дүкенге бару үшін ғана шыға алады. 
Ауыр созылмалы ауруы бар адамдарға үйден шықпауға кеңес берілді. 

"Сіздер бұл ережелерді сақтауға қазірден дайындала берулеріңіз керек. Ал, парламент бас қосатын сәрсенбі күні бұл заңға айналады", - деп атап өтті Джонсон. 

Ол локдаун мерзімінің аяқталуы аурудың таралу қарқынына байланысты болатынын айтып, ақпан айының ортасына дейін қарттар үйінің тұрғындары, медицина қызметкерлері, егде жастағы азаматтар және ауыр созылмалы ауру бар адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салынады деп уәде етті. 

Бір тәулік ішінде Британияда коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткіш - 58 784 адамға жетті. Бір аптаның ішінде күн сайын 50 мың адам коронавирус инфекциясымен тіркеліп отыр. Желтоқсан айының ортасында елдегі денсаулық сақтау министрлігі SARS-CoV-2 жаңа штаммы туралы хабарлады. Оның адамнан адамға жұғуы коронавирустың қарапайым түрінен 70%-ке жылдамырақ.

Жаңалықтар
0