Әлем

Алматыға бет алған түрік ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды

© Sputnik / Sergey Pyatakov / Медиабанкке өтуЖүк тасуға арналған ұшақ шассиі, архивтегі сурет
Жүк тасуға арналған ұшақ шассиі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақ салмағын жеңілдету үшін Мәрмәр теңізінің үстінде жанармайдың біршама бөлігін төккен

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Жексенбі күні таңертең Ыстамбұлдан Қазақстанның Алматы қаласына бет алған Turkish Airlines (THY) жүк ұшағы әуежайдан ұшып шыққан соң, бір топ құспен соқтығысып, қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды түркиялық yenisafak.com басылымы.

"Ұшақ Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 8:40-та (GMT 05:40) көкке көтерілді. Ұшу кезінде B777-F жүк ұшағы бір топ құспен соқтығысып, әуе кемесінің планерін зақымдады", – делінген Turkish Airlines компаниясының баспасөз хабарламасында.

Соның салдарынан шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақ Мәрмәр теңізінің үстінде жанармайының біршама бөлігін төгіп салмағын жеңілдеткен соң, Ататүрік әуежайына қонды.

Оқи отырыңыз: Алматыға шыққан ұшақ екі сағаттан соң Атырауға қайта оралды

Жаңалықтар
0