Әлем

Норвегияда көшкін жүріп, он екі адам жоғалып кетті

© REUTERS / NTB SCANPIXАман қалғандарды тікұшақпен іздеп жатыр
Аман қалғандарды тікұшақпен іздеп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көшкіннен аман қалғандарды тікұшақпен іздеп жатыр, апат орнына елдің премьер-министрі келді

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан — Sputnik. Норвегияның Румерике аймағында сәрсенбі күні көшкін жүрді. Он беске жуық үй балшықтың астында қалып, 12 адам із-түссіз жоғалды, бір жарым мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.

Ослодан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Румерике аймағында сәрсенбіге қараған түні көшкін жүрді, деп хабарлайды РИА Новости NRK телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.

Салдарынан бірнеше адам зардап шекті, он екі адам хабар-ошарсыз кетті. Олар көшкіннің салдарынан құлаған үйлерде тұрған.

Округте 1,5 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, полиция аман қалғандарды іздеп жатыр.

© REUTERS / NTB SCANPIXНорвегиядағы көшкін
Норвегияда көшкін жүріп, он екі адам жоғалып кетті - Sputnik Қазақстан
Норвегиядағы көшкін

Адамдарды құтқару жұмыстарына тікұшақ та тартылды.

30 желтоқсан күндіз оқиға орнына Норвегия премьер-министрі Эрна Сульберг келді. Ол барлық зардап шеккендер мен баспанасыз қалғандарға көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0