Әлем

Коронавирусқа қарсы вакцина жайлы бар шындық

© REUTERS / ANTON VAGANOVПроизводство вакцины "Спутник V"
Производство вакцины Спутник V - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейде Гамалея орталығы әзірлеген "Спутник V" вацинасы екі мыңнан астам адамға егілді. Олардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер бар

Ресейдегі екпе жасау науқаны өңірлерде басталды: аймақтарға 330 мың доза жеткізілді. Алдағы айларда тағы үш миллионға жуық доза жөнелтіледі. COVID-19 эпидемиясына тосқауыл болуға үміт бар. Бірақ, қазір көп адамды аз уақытта әзірленген вакцинаны алу қажеттілігі бар ма, жоқ па деген ой толғандырып жүр, деп жазады РИА Новости. 

"Спутник V" вакцинасы неден тұрады?

Ол адамның геномы өзгертілген екі ad 26 және ad 5 аденовирусынан тұрады. Қарапайым аденовирустар ЖРВИ, көмекей бездер мен аденоидтардың қабынуын тудырады. Вакцина әзірлеу үшін микробтың репликация гендері өшіріледі. Ол әлі де жасушаға ене алатын болғанымен, көбейе алмайды. Енді бұл зияны жоқ мінсіз тасымалдаушы вектор.

Вектор жасушаға түскеннен кейін түрлі ақуыздарды, соның ішінде, спайктерді синтездейді. Ағза оған қарсы әрекет етіп, айрықша иммунитет қалыптаса бастайды. Иммундық жасушалар векторды ыдыратып, оны ағзадан шығарып тастайды.

Вакцинаның құрамында қауіпті зат бар ма?

Жоқ. Аденовирустар өз бетінше де ауыр емес инфекциялық қабыну тудырады. Олардың үлкен ДНҚ-геномының болуы бірнеше геномды "өшіру" арқылы қауіптің алдын алуға болады.

Құрамында коронавирус бар ма?

Вакцина құралатын аденовирусты векторларда SARS-CoV-2 жоқ. Онда тек бір ғана геномы бар – спайк-ағуыздың синтезі туралы нұсқаулықты тасымалдайтын нуклеотидтердің шағын бірізділігі. Осы ағуыздың біреуі ғана адам жасушасына түскеннен кейін ағзаның иммундық реакциясын тудыра алады. Бірақ, ауру алып келмейді.

Екпе қалай жасалады?

Көптеген екпе кезіндегідей шприц арқылы қолдың бұлшықетіне ине салынады. Ине орны біршама ауыруы мүмкін. Сирек жағдайда орны қышуы немесе бөртуі мүмкін. Алайда, арнайы ем қабылдаусыз-ақ тез басылады.

"Спутник V" екі кезең бойынша егіледі. Ең алдымен адамға 26 серотиптегі аденовирусты секторы бар бірінші доза салынады. 21 күннен кейін бесінші серотиптегі аденовирус негізіндегі екінші доза егіледі. Егер, бірінші дозаға қарсы адам ағзасында иммунитет болса, екінші доза кепілдендірілген түрде қорғанысты қамтамасыз етеді. Иммундеудің екі кезеңнен тұратын түрі (прайм-буст) әлемде жақсы танымал және жоғары тиімділігімен ерекшеленеді.

Вакцинаның қандай жағымсыз әсері болуы мүмкін?

Клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижелері бойынша Lancet журналындағы мақалаға сәйкес, Гамалея орталығының ғалымдары келесі ең көп кездесетін жағымсыз әсерді атады: ине орнындағы ауырсыну, дене қызуы, бас ауруы, шаршаңқылық, бұлшықет және буын ауруы. Температура 37-38,4 градусқа дейін, максимум - 38,5-38,9 градусқа дейін көтерілді

Бірінші-екінші кезеңдегі сынақтар 18-60 жас аралығындағы 120 дені сау адамға жүргізілді. Барлық жағымсыз әсер жеңіл түрде өткен. Нәтижелер адамның аденовирустық векторларына негізделген вакцинаның қауіпсіздігін растады және оны Ресейде тіркеуге негіз болды. Қазір тіркеуден кейінгі сынақтар жалғасуда. Оған 40 мыңға жуық еріктілер қатысып жатыр.

COVID-19-бен ауырғандарға екпе салуға бола ма?

Вакцинаның коронавирустан жазылғандарға қалай әсер ететіні белгісіз. Себебі, мұндай зерттеулер жүргізілмеген. Алайда, коронавирустық инфекциядан кейін табиғи иммунитет қалыптасуы керек. Оның қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Инфекцияны қайта жұқтырудың сирек жағдайларын ескере отырып, оған бірнеше айлар, жарты жыл немесе одан да көп уақыт кетуін болжап қана айтуға болады. Осы уақыт ішінде вакцина қабылдауды кейінге шегере тұруға болады.

Қандағы G тобындағы антиденелердің жоғары деңгейі - коронавируспен бұрын ауырғанның айқын белгісі. Бұл анализді екпе алардан бұрын сәйкес орындарда тапсырған жөн.

Вакцина алғаннан кейін бетперде тағу міндет пе?

Міндетті түрде тағу керек. Иммунитет вакцинаның екінші дозасынан үш апта өткеннен кейін (бірінші екпеден кейінгі 42-ші күн) толығымен қалыптасады. Осы кезеңде адам әлі толық қорғалмаған. Сондықтан, барлық алдын-алу шараларын сақтау керек.

БАҚ вакцинадан кейін COVID-19 ауруына шалдыққандар жайлы жазып жатыр

Мұндай жағдайлар болуы мүмкін. Бұл жерде себеп пен салдарды ажырата білу керек. Гамалея вакцинасында COVID-19 қоздырғышы жоқ. Сондықтан ол ауру тудыра алмайды. Егер адам вакциналаудан кейін ауырып қалса, бұл оның екпеге дейін инфекция жұқтырғанын білдіруі мүмкін. Бірақ ауру белгілерінің болмауына байланысты ол бұл туралы бейхабар болған.

Егер инфекция вакциналауға дейін аз күн бұрын немесе дәл сол күні жұққан болса, онда тест нәтижесі коронавирустың бар екенін жоққа шығаруы ықтимал.

Екпе салдырғанша, коронавируспен ауырған дұрыс емес пе?

Вакцина алу туралы шешімді әркім өз бетінше немесе емдеуші дәрігермен бірге өзінде бар аурулар мен қазіргі жағдайға байланысты кеңесе отырып қабылдайды. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, денсаулыққа төнетін қауіп-қатерді есепке алу керек.

Жаңалықтар
0