Әлем

Мамандар коронавирустан жазылғаннан кейін пайда болатын симптомдарды атады

© pixabayШум мешает спать
Шум мешает спать - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус инфекциясын жұқтырып, жазылып шыққан науқастар физикалық жағынан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да зардап шеккенін айтып шағымданған

АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Ұлыбританияның ұлттық денсаулық және клиникалық жетілдіру институты коронавируспен ауырғаннан кейінгі кезеңде емделуге арналған ресми нұсқаулықты жариялады. Дәрігерлер COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастардың қандай симптомдармен бетпе-бет келетінін айтты.

Дәрігерлердің айтуынша, шаршау, дене қызуының көтерілуі сияқты ең көп тараған ауру белгілерінен бөлек, бас ауруы, шаншып ауру, аяқтың ұйып қалуы, ұйқының бұзылуы секілді белгілер кездеседі.   

Сондай-ақ, COVID-19 инфекциясын жұқтырып, аурудан жазылған науқастар іштің ауыруы, жүрек айну, диарея және анорексия бар екенін айтып шағымданған.

Оқи отырыңыз: Алматыда ауру белгілері жоқ науқастар да оқшауланады 

Британиялық ғалымдардың айтуынша, ауру науқастардың психологиялық жағдайына да әсер етеді. Сондай-ақ, күйзеліс пен мазасыздық тудыруы мүмкін. Жүрек-қантамыр жүйесі де зардап шегеді, адамдар көп жағдайда жүрек соғысының бұзылуы, ауырсыну бар екенін айтады, деп жазды РИА Новости зерттеу нәтижесіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар инфекциядан кейін тері аурулары, оның ішінде бөртпе сирек кездеседі.  

Жаңалықтар
0