Әлем

Лавров Батыстың айыптауларына қатысты пікір білдірді

© Photo : Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел России Сергей Лавров
Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейге Батысқа қарсы өз геосаяси позициясын нығайту үшін Беларусь пен Таулы Қарабақтағы жағдайға араласты деген айып тағылды

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу өзге елдердің ісіне араласты деген Батыстың айыптауларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады РИА Новости.

"Соңғы уақытта бізді Беларусь, Таулы Қарабақтағы жағдайға Батысқа қарсы өз геосаяси позицияларын нығайту үшін араласып, Түркиямен осы аймақты бөлу туралы келісімге келді деп айыптап жүр. Қазір Еуропа мен АҚШ-та, әсіресе Британ аралдарында үстемдік етіп отырған аналитиктердің логикасы мен психологиясы осындай", - деді министр RT телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Мәскеу жағдайдың кез-келген өрбуіне дайын болды.

"Күні кеше ғана АҚШ Конгресі Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекетіне қарсы санкциялар ұйымдастырып жатқаны белгілі болды. Себебі, мұндай одақтың бар болуы оларға ұнамай отыр. Бұл Беларусь Республикасында кезекті революцияны іске асыруға кедергі келтіретін көрінеді. Сондықтан, бізді айыптауға әлі талай сылтау табылады. Батыс оларды іздеп қана қоймай, ойдан құрастыруға да шебер", - деді ол.

Қараша айында АҚШ палатасының өкілдері БАҚ-қа қысым көрсету қылмысына жауапты деп саналатын Беларусь сайлау комитетінің мүшелері мен шенеуніктеріне елге кіруге тыйым салу құзыретін беретін заң жобасын қолдады. Конгресс сайтында көрсетілгендей, заң жобасы Беларуське көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтіп, интернет-цензураға қарсы әрекет ету, әйелдер мен саяси босқындарға қолдау көрсетуді де қамтиды.

Егер, заң жобасы мақұлданса, АҚШ президенті кез-келген белорустың визасына шектеу қоя алады. Ол тәуелсіз БАҚ-қа қатысты әрекетке жауапты Беларусь СОК мүшесі, мемлекеттік лауазымды тұлға немесе республикадағы жағдаймен байланысты адам құқығының бұзылуына немесе БАҚ-қа қатысты іс-әрекеттерге белсенді қатысқан одақтас мемдекеттің лауазымды тұлғасы немесе Ресей азаматы болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0