Әлем

Әйел сегіз жыл бойы үйленуге ұсыныс жасамаған ер адамды сотқа берді

© Photo : CC0 / Pexels / CottonbroМужчина и женщина
Мужчина и женщина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екеуінің бір баласы бар. Алайда әйел өзінің ата-анасымен, ал ер адам бөлек тұрады. Олар сот арқылы бір-біріне шағымданды

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан — Sputnik. Замбиялық әйел сегіз жыл бойы үйленуге ұсыныс жасамаған ер адамды сотқа берді. Ол заңды неке қиюға ниет танытпаған, деп хабарлайды жергілікті Tuko басылымы.

26 жастағы Гертруда мен 28-дегі Герберттің бір баласы бар. Әйел өзінің ата-анасымен, ал ер адам бөлек тұрады.

Бұдан бөлек, Гертруда ғашығы көзіне шөп салады деп күмәндана бастаған. Сондықтан сотқа жүгінуден басқа амалы қалмаған. 

"Ол жағдай күрделі екенін ешқашан түсінуге тырысқан емес. Сондықтан сотқа арыз жаздым. Біздің болашағымызды анық білгім келеді", - деді әйел.

Ал Герберт болса, қаржы мәселесі отбасын құруға кедергі болып тұрғанын айтып ақталған. Сондай-ақ, баласының анасы өзіне тиісті деңгейде көңіл бөлмейді деп шағымданды.

Сот бұл оқиғаға қатысы шешім шығарған жоқ. Олар өзара талқылауы тиіс екенін жеткізді.

Жаңалықтар
0