22:13 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
6310

10 желтоқсанда Бакуде өтетін әскери шеру Әзірбайжанның Таулы Қарабақтағы жеңісі мен Түркияның өңірлік әскери жетістігін паш етеді

Мерекелік шара 10 желтоқсанда 3 мыңнан астам әскери қызметші мен 150-ге жуық әскери техниканың қатысуымен өтеді. Шеруде, сондай-ақ, кейбір әскери нысандар да ел назарына ұсынылады.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өз елінде Жеңіс күнін белгілеу жөнінде бұйрық шығарды. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары бұл жеңісті көпғасырлық ұлттық тарихтағы маңызды оқиға ретінде насихаттап жүр. Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігі былай деп жазады: "Жеңіс шеруі мінбесінде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның құрметті қонақ ретінде қатысуы түркі бауырластығының айқын дәлелі болып табылады".

Бұған дейін Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар әскери кадрларды даярлау бойынша Әзербайжанға көмек көрсету әлі де жалғасып жатқаны туралы айтқан болатын. Түркия Солтүстік Атлантикалық Альянстың мүшесі болып табылады. Қол астындағы күштерді арттыру және әлемдегі энергетикалық ресурстарды басқару осы ұйымның басты міндеттерінің бірі. Ал Әзербайжанда мұнай мен газ көп.

Қарабақтағы соғыстың басталғанынан 44 күн өткеннен кейін Ресей делдал болып, Әзербайжан мен Армения оқ атуды толықтай тоқтату туралы келісімге келді. Қазір аймақта Ресейдің бітімгершілік күштері жұмыс жүргізіп жатыр. Атыс естілмейді. Бірақ, жағдай толық тұрақтануы әлі алыстан қол бұлғайды.

Сонымен қатар, Қарабақтағы жағдайды бақылау үшін Әзербайжанда бірлескен орыс-түрік орталығы құрылуда. Түрік саперлерінің бөлімшелері әзірбайжандық әріптестеріне миналарды тазартуға көмектесіп жатыр. Жалпы, Түркияның Оңтүстік Кавказдағы әскери-саяси ықпалы айтарлықтай артты. 

Sputnik бұған дейін Таулы Қарабақта Сириядан келген түркілердің қоныс тебуінің ықтималдылығы туралы жазған болатын. Бұл содырлар Кавказ маңындағы соғыс әрекеттеріне қатысып, тараптар келісімге келгеннен кейін де елдеріне қайтуға асықпай отыр. Сонымен қатар, түріктердің "қос мемлекет – бір халық" тұжырымы тастай берік болса, "қос мемлекет – бір әскер" мен бірыңғай қолбасшылық орталықтың да жүзеге асуы ықтимал.

Аймақта Түркияның экономикалық және әскери-саяси мүдделерін қорғау үшін әзербайжандық тараптың альянсқа кірудің бүкіл заңдылықтарын сақтау маңызды емес секілді. Мұндай қарым-қатынастың арқасында Әзербайжан қазірдің өзінде-ақ бір аяғымен НАТО-да тұр деуге болатындай. 

Түркия ресми түрде 9 қарашадағы келісімді мақұлдады. Қарабақты толық бақылауда ұстауды қайтару жоспары жүзеге аспады. Анкара Әзербайжанға әскер жөнелтуге дайын және бұл қадам түрік парламентімен бекітіліп те қойды.

Американың National Interest басылымы "әзербайжандықтар 10 қарашаны Қарабақ соғысында Арменияны жеңген күн ретінде атап өтеді. 

Сирия, Ливия, Ирак, Шығыс Жерорта теңізі және Оңтүстік Кавказдағы әскери операциялар қымбатқа түсіп жатыр. Түркияның сыртқы қарызы 421 миллиард долларға жетті. Оның 181 миллиард доллары бір жылдың ішінде төленуі керек. Соңғы үш айда түрік лирасы әлемдік валюталарға шаққанда 15%-ті жоғалтты.

Коронавирусқ эпидемиясына байланысты түрік экспорты тек бірінші жартыжылдықта 26%-ке төмендеді. 

Загрузка...

Басты тақырып