Әлем

АҚШ-та дәрі-дәрмек бағасы қалай реттеледі?

© REUTERS / Yves HermanЛекарства, таблетки
Лекарства, таблетки  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде коронавирустан күн сайын екі мыңнан астам америкалық көз жұмып жатыр. Саяси қарсыластары бұл жағдайға президент Трамптың өзін кінәлап отыр

Олардың айтуынша, Трамп денсаулық сақтау саласын құлдыратып, халықты аурухана орындарымен қамтамасыз ете алмады және COVID-19 қаупіне жеткілікті деңгейде назар аударған жоқ, деп жазады РИА Новости.

Алайда, Америка медицинасындағы мәселелер 90-шы жылдардың соңында басталған болатын. Ал, Дональд Трамп осы жағдайды қалай да тоқтатуға тырысты. Мысалы, жеңіске жетуі екіталай болса да, ол америкалық "Биг Фармға" қарсы ашық соғыс жариялады.

Көксеңгір аспанда ұшып бара жатқан ұшақ - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ Ашық аспан келісіміне қайта орала ма
Дәрі-дәрмек бағасы Американың денсаулық саласындағы басты проблемаға айналғалы біраз жыл болды. Яғни, оны өндірушілер бағаны өз еркінше бұрмалай алды.

2015 жылы фармацевт Мартин Шкрели АИВ-ке "(ВИЧ) қарсы танымал дәріге құқықты сатып алып, препарат бағасын 13,5 доллардан 750 долларға бір-ақ көтеріп тастады. Шкрелиді жылдың ең жексұрын адамы деп атаса да, ол дәрі бағасын арзандатпады.

Шындығында, бұл жағдай бірегей емес. Америкалық барлық фармкомпания соңғы жылдары дәрі-дәрмек бағасын жедел қарқынмен өсіріп келеді. Олар мұны мейлінше байқатпай, қоғамда жанжал тудырмайтындай қитұрқы әдістермен жасауда. Мысалы, 2003 жылы белгілі Novartis корпорациясы обырға қарсы препарат шығарды. Сол уақыттан бері дәрінің бағасы 22 есеге қымбаттады. Бүгінде осы дәрімен бір жыл емделу курсы 123 мың долларды құрайды.

Сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған орфандық дәрілерді өндірушілер пайданың астында қалып отыр. Мұндай препараттармен емделудің жылдық курсы жарты миллион доллар шамасында болады.

2019 жылдың алты айының өзінде кең танымал прозак 8,8 есеге қымбаттады.

Әсіресе, өмірлік маңызы бар дәрілердің қымбаттауы өте қорқынышты көрінеді. Жиі қолданыстағы инсулин дозасының құны 2009 жылдан 2019 жылға дейін үш есеге өсті, яғни 90-нан 330 долларға дейін қымбаттады. Медициналық сақтандыру инсулиннің құнын жапқанымен, екі миллионға жуық қант диабетіне шалдыққандардың медициналық сақтандыру қаражаты жоқ.

Дәріханадан дәрі сатып алып жатқан ер адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда дәрі-дәрмек сату саласында 400-ге жуық заңбұзушылық анықталды
Қысылтаяң жағдайға тап болғандар инсулиннің бір дозасын бірнеше рет қабылдауға жеткізуге тырысады. Көп жағдайда бұл өлімге алып келеді. Ал, антибиотиктердің қымбат болуы америкалықтарды ветеринариялық препараттарды сатып алуға мәжбүрледі. Мысалы, аквариум балықтарына арналған пенициллин үлкен сұранысқа ие. Адамға арналған антибиотиктердің бір флаконы 2400-2800 доллар шамасында тұрса, қайтпек керек?

Алайда, статистика дәрі-дәрмек бағасының мұншалықты шарықтап кеткен бағасын байқамай отырған сыңайлы. Сол сияқты, жылжымайтын мүліктің де рекордтық көрсеткішке жетіп, қымбаттай түскені де назардан тыс қалып отыр. 

АҚШ-тағы жергілікті фармкомпаниялар нарықты толық монополизациялап, қарапайым халықтың дәрі-дәрмекті ақылға қонымды бағада сатып алу тетіктерінің барлығын "бітеп" тастаған. Жергілікті нарық арзан импорт үшін жабық. Дәрігер рецепті болса ғана америкалықтар санаулы көлемдегі дәрі-дәрмекті шетелден алып кіре алады. Ал, шетелдік интернет-сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы немесе белгілі бір адамнан дәріні рецептісіз сатып алуға тыйым салынған.

Яғни, сақтандыруы жоқ америкалықтың бірі науқастанып қалса, ол дәріханадан парацетамолдан басқа ештеңе сатып ала алмайды. Ал, антибиотикті алуы үшін дәрігер рецептісі қажет. Сақтандырусыз дәрігердің қарауына жазылу үшін оған көп ақша төлеу қажет. Ал, оның ақшасы жоқ. Себебі, ақшасы болса, ол сақтандыру сатып алар еді.

Америкалықтардың бұл дәрі дағдарысына нарықты қылша иіріп отырғандар кінәлі. Олар мемлекеттің аралсуынсыз қарапайым халықты тонап жатыр.

АҚШ-тағы дәрі-дәрмек өндірісін бақылауда ұстайтын федералдық орган – Азық-түлік өнімдері мен медикаменттер сапасына санитарлық бақылау жүргізу басқармасы (Food and Drug Administration). Бірақ, фармкомпаниялар бұл федералдық мекемемен арадағы мәселені өздеріне қолайлы етіп шешіп алған: өмір бойы ірі фармкомпанияларда жұмыс істеген азаматтар FDA басшылары болып тағайындалады.

Президент Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Әлем
Дональд Трамп коронавирус жұқтырып, карантинге кетті
Қос саясаткер – демократ Берни Сандерс пен республикашыл Дональд Трамп фармкомпаниялармен күреспек болды. Бірақ, өз партияластарымен аластатылды.

Ақиқатты қалай бұрмаласа да, қазір америкалықтар өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай отыр. Трамп осы жемқорлық жүйесін бұзуға тырысты. Ол төрт рет сәйкес жарлық шығарып, дәріханаларға салыстырмалы түрде арзан канадалық препараттар сатып алуға мүмкіндік берді, инсулин бағасын шектеді, Medicare-ды дамыған елдерден сатып алу бағасымен бірдей бағада жергілікті өндірушілерден алуға міндеттеді, дәрі-дәрмек сатып алу кезіндегі пара беруге тыйым салды. Қараша айындағы сайлау кезіндегі түрлі қитұрқы әрекеттер Трамптың жеңіліске жақындауына алып келді. Ол бұған фармацевтикалық өндірушілерді кінәлап отыр.

Жаңалықтар
0