Әлем

Сарапшылар мұнайды қайта өңдеуге қатысты ой бөлісті

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуГорящий факел, архивное фото
Горящий факел, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пекин бензин мен дизель отынына басымдық беріп, мұнайды өңдеу қуатын арттыруда. Келесі жылы-ақ аспанасты елі бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-ты басып озады

Америкалықтар ЖІӨ бойынша да кейіндеп қалады деген болжам бар. Алайда, аналитиктердің айтуынша, пандемияның екінші толқыны қытайлықтарға кедергі келтіруі мүмкін.

ҚХР Мемлекеттік статистика бюросының мәліметтері бойынша, қазан айында елде мұнай өңдеу екі жарым процентке артып, тәулігіне 14,09 миллион баррельді құрайтын тарихи рекордқа қол жеткізген. АҚШ-та қыркүйекте бұл көрсеткіш небәрі 13,5 миллионды құрады.

Нефтедобыча - Sputnik Қазақстан
Экономика
Тұрымов ОПЕК+ келісімі мұнай өндірісіне қалай әсер еткенін айтты

Қытайлықтар мұнымен тоқтамақ емес. Халықаралық энергетикалық агенттіктің қараша айындағы баяндамасында келесі жылдың соңында екі жаңа мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) іске қосылатыны айтылған. Бұл жоспар 2023 жылға қарай орындалады деген болжам бар болатын.

Жалпы қуаты тәулігіне 1,2 млн баррельді құрайтын тағы төрт кәсіпорын салынып жатыр. Мәселен, бүкіл Ұлыбританияда осы көлемде мұнай өңделеді.

Қытай бірнеше ондаған жылдар бойы бензин мен дизель отынына тұрақты өсіп жатқан сұранысты қанағаттандыруға тырысып келеді.

"2000 жылдан бастап мемлекет мұнай өнімін өндіруді үш есеге арттырды. 2025 жылға қарай мұнай өңдеу тәулігіне 20 миллион баррельге жетеді", - дейді Теле Трейд ақпараттық-талдау орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Ол АҚШ өткен ғасырдан бері ұстап келген көшбасшылық тізгінінен 2021 жылы-ақ айырылады деген пікір білдірді.

Мұнай бағасынан кейін құлдыраған төменгі шекте болу салдарынан америкалықтар мұнай өңдеу зауыттарын жабуда. Биыл қара алтын төменгі баға деңгейлерін бірнеше рет жаңартты. Мысалы, 18 наурызда Brent маркасы 15 процентке арзандап, 2003 жылдан бері алғаш рет бір баррелі 24,52 доллардан сатылды.

Жанармайға деген әлемдік сұраныс та төмендеді. Сондықтан, мұнай өңдеу рекордтық 1,7 миллион баррельге дейін төмендеді. Мұндағы басым бөлігі америкалық зауыттарға тиесілі.

"Кейбір зауыттар жабылып жатыр. Ал басқалары жаңарту мен қалпына келтіру үшін инвестицияларды талап етіп отыр. Себебі, АҚШ-тың мұнай өңдеу қуаттылығының едәуір бөлігі орналасқан Мексика шығанағында жыл сайын дауыл соғады", - дейді Марк Гойхман.

"Алор Брокердің" бас аналитигі Алексей Антонов Қытай жетістігінің тағы бір себебі - коронавируспен тиімді күресу деп санайды. ҚХР экономикасы қалпына келіп, қазір тұрақтылық танытуда. Ал Еуропа мен АҚШ-та құлдырауы жалғасып жатыр.

Қытайлықтардың мұнай өңдеумен қатар металлургия саласында да көш бастап тұрғаны кездейсоқ емес.

Экономист дәл осы қарқын Үндістанда, Таяу Шығыста да байқалатынын айтады. Бұл азиялық өңірдегі батыс компанияларының ескірген бірқатар қуаттылықтарын жабуға алып келуде. Мысалы, Сингапурде осындай жағдай болды.

добыча газ полезные ископаемые сланцы  нефть - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мұнай дағдарысынан кейін газ нарығы қалай өзгереді?

Сонымен қатар, АҚШ пен Ескі Әлем энергияның балама көздері үшін көмірсутектерінен біртіндеп бас тартып келеді. Ал, Қытай қатаң экологиялық міндеттемелермен еш байланысты емес.

"Штаттар жасыл энергетикаға басымдық беріп, ҚХР-ды лас өндірістік алаң ретінде танытуда. Экономикалық дамыған елдер басқа мемлекеттердің есебінен қайта қалпына келетін ресурстарға көшуді қаржыландырады да, "экологиялық салық" төлеуге міндеттейді", - дейді Hamilton инвестициялық компаниясының сарапшысы Антон Гринштейн.

Мұнайға тәуелді Ресей үшін жасыл энергетикаға компания шығынының өсуіне және бюджет кірісінің төмендеуіне алып келеді.

"Шикізаттық құрылымды сақтау кезінде ресейлік экономика үшін АҚШ-тың мұнай өңдеуде бірінші орында болуы тиімдірек", - дейді ол.

Марк Гойхманның айтуынша, 15-20 жылдан кейін мұнайдан болатын бюджет кірісінің орнын басуға лайықты қазынаны толтырудың басқа да көздеріне зер салуы керек.

Жақын келешкте Қытайдағы мұнай өнімдерін тұтыну көлемінің артуына байланысты осы бағыттағы шикізат экспортына қайта бейімделу керек.

Нефтедобыча - Sputnik Қазақстан
Әлем
Мұнай соғысында жеңіске жетуде қай ел басымдыққа ие

Бірақ, кез-келген дүние таусылады. 2025 жылға қарай ҚХР-дағы өндірістік қуаттың өсуі сұраныстан асып түседі. Қытайлық CNPC мұнай-газ корпорациясының мәліметі бойынша, бес жылдан кейін елдегі мұнай өнімдерінің тым көптігі тәулігіне 1,4 миллион баррельді құрайтын болады.

Сондықтан, алдағы үш-бес жылдағы жақын келешекке көз жүгіртсек, онда мұнай өңдеуші саладағы ғана емес, басты экономикалық көрсеткіш болып табылатын ЖІӨ бойынша да көшбасшы ауысатын болады.

"Пандемияға дейін америкалық экономиканы қуып жету үшін Қытайға бес жыл қажет болды. Коронавирусты инфекциямен тиімді күресудің арқасында қытайлықтар ерте-ақ озып шыға алады", - дейді Антон Гринштейн.

Сарапшылардың айтуынша, америкалық биліктегілер проблеманы экономикалық және дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Бірақ, іс жүзеге аспады. Енді бизнесмен-президенттің орнына саясаткер-президент келді.

Оның үстіне, ҚХР-да мұнай өңдеу өнімдеріне деген сұраныстың күрт өсуі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруымен байланысты. Алайда, пандемияның екінші толқынын Азия да жоққа шығармай отыр. Ауруды жұқтырғандар санының күрт өсуі Индонезияда, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда тіркелген. Бұл АҚШ пен Қытай арасындағы мүмкіндіктер мәселесін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Жаңалықтар
0