Әлем

ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті

© REUTERS / STEPHANE MAHEБетперде киген дәрігер
Бетперде киген дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Набарро Еуропа елдері қазір қажетті инфрақұрылым салмаса, келесі жылдың басында үшінші толқынмен бетпе-бет келетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарро келесі жылдың басында Еуропада коронавирустың үшінші толқыны басталуы мүмкін екенін ескертті.

Бұл туралы ол швейцариялық медиакомпанияның басылымына берген сұқбатында мәлімдеді.

Набарро Еуропа елдері бірінші толқынды бақылауға алса да, екіншісіне тосқауыл қоя алмағанын атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

"Еуропа толық дайындалған жоқ. Олар бірінші толқынды бақылауына алғаннан кейін, жаз айларында қажетті инфрақұрылым салу мүмкіндігінен айырылып қалды. Ал енді оларда екінші толқын басталды. Егер олар қазір қажетті инфрақұрылым салмаса, келесі жылдың басында үшінші толқынмен бетпе-бет келеді", - деп келтірді оның сөзін Badener Tagblatt.

ДДҰ арнайы өкілінің пікірінше, қазір Батыс Еуропаның көптеген елінің алдында вирусты тағы да бақылауға алу міндеті тұр. Бірақ бұл жолы локдаун сияқты қатаң шараға жүгінудің қажеті жоқ, өйткені, Набарроның айтуынша, ол тым қымбатқа соқты.

Ал Шығыс Азия елдерінде билік пен халық арасындағы байланыстың арқасында эпидемиологиялық жағдай жақсы, деп жалғастырды Набарро.

"Шығыс Азияда қатты байқалған тағы бір элемент: адамдардың реакциясының арқасында вирус жұқтырғандар саны азайды, соған қарамастан шектеу шаралары жеңілдетілген жоқ. Көрсеткіштер едәуір төмендеп, сол күйінде қалғанын күту қажет", - деді арнайы өкіл.

ДДСҰ мәліметінше, әлемде 57,2 миллион адам вирус жұқтырған, 1,36 миллионы қайтыс болды. Әсіресе, эпидемиологиялық жағдай АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Ресей, Испания, Ұлыбритания, Аргентина, Италия және Колумбияда күрделі.

Жаңалықтар
0