Әлем

Сарапшы "Солтүстік ағын–2" жобасына қатысты Байденнен не күтуге болатынын айтты

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСтроительство газопровода
Строительство газопровода  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Солтүстік ағын – 2" жобасы Балтық теңізі арқылы Ресей жағалауынан Германияға дейін жалпы қуаттылығы жылына 55 миллиард текше метрді құрайтын газ құбырының екі тізбегін салуды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Билікке Джо Байден келген жағдайда ГФР-дағылардың "Солтүстік ағын – 2" жобасы бойынша АҚШ позициясының жібуіне деген үміті ақталмайды. Bild неміс басылымының сауалнамасына қатысқан сарапшылар осылай деп санайды. Экономист Станислав Митрахович Sputnik радиосының эфирінде осы жарияланымға қатысты пікір білдірді.

Bild журналисі Юлиан Репке Джо Байден билікке келгеннен кейін "Солтүстік ағын – 2" газ құбыры бойынша АҚШ ұстанымы жібиді деген неміс саясаткерлерінің үміті ақталмайды деп санайды.

Ол жаңа жылда Вашингтон осы мәселедегі шиеленісті арттыра түсетініне дайындалуға шақырды. Репкенің мұндай болжам жасауына ресейлік кәсіпорындармен жұмыс жасайтын сақтандыру және сертификаттау компанияларына қарсы АҚШ-тың санкциялар енгізу ниеті итермелеп отыр. Мақала авторы атап өткендей, неміс билігі үшін шектеулер әзірше жоқ. Бірақ, Байден дап-дайын "Солтүстік ағын – 2" жобасының түбіне жете алады.

Экс-президент Барак Обаманың бұрынғы кеңесшісі Бенджамин Шмитт Ресейден Германияға тартылатын газ құбырына қатысты демократтар да, республикашылдар да теріс көзқараста дейді. Энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі маман Алан Райли де Байденнің басты мақсаты жобаны жабу екенін айтты.

РФ үкіметі жанындағы қаржы университеті және Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының сарапшысы, экономист Станислав Митрахович бұл жағдайды нақты кесіп айту мүмкін емес деп санайды:

"Байденнен қатысты айтар болсам, одан бәрін де ктүуге болады. Бір жағынан, Байденнің командасында Ресейге қатысты қатаң сакциялық саясатты ұстануды қолдайтын азаматтар көп. Байденнің де Ресейге бүйрегі бұрып тұрған жоқ. Екінші жағынан, Байден Трампқа қарағанда өзін эгоист емес адам ретінде ой қалыптастырғысы келеді.  Олай болса, еуропалықтарға "біз ынтымақтастық орнатамыз" деп алып, артынша "Газпроммен" жұмыс жасағаны үшін еуропалық компанияларға қарсы америкалық санкциялар енгізейік" деп те айта алмайды. Сол себепті, Байденнің әрекеті мен шешімін болжау қиын", - деді Станислав Митрахович Sputnik радиосының эфирінде.

"Солтүстік ағын – 2" жобасы Балтық теңізі арқылы Ресей жағалауынан Германияға дейін жалпы қуаттылығы жылына 55 миллиард текше метрді құрайтын газ құбырының екі тізбегін салуды көздейді. Өзінің сұйытылған табиғи газын ЕО-ға жөнелтетін АҚШ, сондай-ақ Украина мен бірқатар Еуропа елдері жобаға қарсы шықты. Құрама Штаттары 2019 жылдың желтоқсанында жобаға қарсы санкциялар енгізіп, құбыр жүргізумен айналысып  жатқан компаниялардан құрылысты тоқтатуды талап етті.

Содан кейін Швейцарияның Allseas компаниясы газ құбырының құрылысы тоқтағаны туралы хабарлады. Қазан айының ортасында Вашингтон "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы экономикалық шектеулерді кеңейтті. Енді жоба аясында жұмыс жасап жатқан кемелерді модернизациялау немесе жабдықтау бойынша қызмет көрсететін, жабдық ұсынатын немесе қаржыландыратын компаниялар да кіріп отыр. Сондай-ақ, БАҚ мәліметі бойынша, газ құбырының құрылысы аяқталған жағдайда Вашингтон ресейлік кемелермен серіктестік орнатқан сақтандыру және сертификаттау компанияларына қатысты санкциялар енгізбек.

Жаңалықтар
0