19:44 28 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
4810

Қарабақтағы армян әскерінің жеңілісі мойындалмаған мемлекеттің қорғанысты ұйымдастырудағы айқын қателіктеріне көз жүгіртуге мәжбүрлеп отыр

Армяндық тарап 45 тәуліктің ішінде (27 қыркүектен бастап) бүкіл қауіпсіздік аумағы мен 1991 жылғы шекарадағы Таулы Қарабақ бөлігін өз бақылауынан шығарып алды. Ал әзербайжандық әскер табысқа қол жеткізіп, үлкен олжаға кенелер еді. Шуши бекініс қаласын уыстан шығару Лачин дәлізін оқшаулауды, Қарабақтағы армян әскерін қоршауға алу және олардың көзін жоюды білдірді. Соғысқа Ресейдің бітімгершілік операциясы мен халықаралық беделі тоқтау салды.

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян бүгін "Егер біз 7 ауданды, сондай-ақ Шушиді Әзербайжанға беруге келіссек, соғысты болдырмас едік. Бірақ, біздің бұған келіскіміз келмеді. Армения үкіметі, Арменияның Қарулы Күштері, Арцахтың қорғаныс әскері тәуекелге бел буып, соңына дейін шайқасты" деп мәлімдеме жасады. Бұл пікір ең алдымен өз күштерін асыра бағалау және жаудың мүмкіндіктерін жете бағаламауды айқындайды. 

РФ президенті Владимир Путиннің айтуынша, қақтығыс аймағында құрбан болғандардың саны, оның ішінде бейбіт тұрғындарды қоса алғанда төрт мың адамнан асты, сегіз мыңнан астам адам жарақат алды, босқындар саны әртүрлі дереккөздерге сәйкес шынымен он мыңға жетеді. Сонда Арменияның әскери-саяси жетекшілерінің стратегиялық қателігінің бағасы тым ауқымды емес пе?

Никол Пашинян өзін Таулы Қарабақтағы соғыс әрекеттерінің салдары үшін басты жауапты адам ретінде мойындады. Әйткенмен, қазір ары қарай не болатынын білу маңызды. Ереванның дағдарысты реттеу және ұлттық әскердің қажетті соғысу қабілетін қалпына келтіру жоспары жоқ секілді ой қалдырады.

Армяндық тараптың жеңіліс табуы әскердің ғана емес, әскери-саяси басшылықтың да "еңбегінің жемісі". Қате стратегия мен тактика ешқашан табысқа алып келмейді және ол соғыс даласында оқ пен снарядтан да қауіпті бола түседі. Арменияның қорғаныс министрі Давид Тоноянның пікірінше, армян әскері Қарабақта максималды түрде әрекет еткен. Қарсыласты алдын ала дайындалған қорғаныс позицияларында ұстап тұру не себепті мүмкін болмады? Жүйелі түрде жеңіліс табуды соғыс алаңында түрік кеңесшілері мен пилотсыз ұшу аппараттарының, сондай-ақ, "бірнеше мыңға жуық" сириялық содырлардың болуы салдарынан болды деп түсіндіру толық емес әрі ұтымсыз болып көрінеді.

"Жаппай жұмылдырудың" қорытындысын есепке алмағанның өзінде 45 мың әскериден тұратын армян әскері екі мың араб жалдамалы сарбазымен теңесетіндей тең күш емес еді.

Таулы Қарабақтың әскерінде бұған дейін декларацияланған 30 мың жасақ, 300 танкі, бірнеше жүздеген ауыр броньді машиналар болған жоқ. Жаппай жұмылдырудың 40 күнінен кейін және армян әскерлерінің ымыраға келуі туралы келісімге қол қойылар шақта Пашинянның мәлімдеуінше Қарабақтағы армян әскерінің саны 20 мыңға жетті. Сондықтан, армян тарапының айтарлықтай жоспары болмаған, олар жағдайға қарай әрекет етті ме деп қаласың. Алғашқы күндері барлау қызметінің қолында қарсылас ниеті туралы ешқандай ақпарат болған жоқ, армян әскері қақтығысу аумағында аса белсенді қорғана қойған жоқ. Адам күші бойынша әзербайжандық әскерде басымдылық болған жоқ. Бірақ, олар барлық бағыт бойынша белсенділікті сақтап отырды.

Таулы аймақта әскердің қозғалысы үшін кедергілерді қолдан жасауға да болар еді. Алайда, Қарабақ жолдары әзербайжан әскері үшін ашық болып, Шуши бекініс қаласын басып алуға себепші болды. Бұл одан кейінгі оқиғаларға айтарлықтай ықпал етті.

Көп басылым Әзербайжанның ұшқышсыз ұшу аппараттарының соғыстағы жетістігі мен армян әскерінің технологиялық солқылдақтығы жайлы жазды. Бұл тұста Таулы Қарабақтағы соғыс әрекеттеріне қатысты түрік өндірісінің орташа биіктікте ұшатын Bayraktar жедел-тактикалық ұшқышсыз ұшу аппаратын аса жоғары бағалауға болмайды. Ол мінсіз емес, зениттік-зымырандық кешендердің радарларына оңай түседі. Әзербайжан тарапы ұшқышсыз ұшу аппараттарын сәтті қолдануына армян әскерінің әуедегі шабуылға қарсы төтеп беретін және радио электронды күрестің дамыған жүйесі болмауы әсер етті. Алайда, бұған дейін Армения ұшқышсыз үшу аппараттарының соғысына дайын екенін және ол миллиардтаған бюджетті қажет етпейтін мәлімдеген еді.

Қалай болғанда да, әскери операцияда барлау мен соққы жасайтын ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді қолдану Әзербайжан тарапы үшін сәттілікке кепілдік берген жоқ. Дұрыс ұйымдастырылған және терең эшелондалған қорғаныс қарсыластың саны басым әскері мен соғыс техникасына төтеп бере алады. Біз мұны Таулы Қарабақтан көре алмадық. Оның үстіне, жеке-дара әскери батылдық қорғаныстағы әскердің жоғары ұйымдастырылуын алмастыра алмайды. Сондықтан, премьер-министр Пашинянның армян әскеріне әйелдерді көптеп тарту туралы идеясы едәуір ерсі көрінеді. Дұрыс тұжырымдар жасалмады.

Арнайы дайындалған және заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етілген әскердің жоғары әскери ұйымдастырылуы мен жауынгерлік тиімділігі елдің әскери-саяси басшылығынан басталады. Сондықтан, армян қоғамында Армения Қарабаққа жеткілікті деңгейде әскери көмек көрсетпеді деген сөздер жөн екені еріксіз көрініп тұр.

Загрузка...

Басты тақырып