Әлем

Қарабақ жасақтары Әзербайжанға өткен аудандардан шығарылып жатыр

© Photo : Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуОтправка миротворцев в Нагорный Карабах
Отправка миротворцев в Нагорный Карабах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таулы Қарабақтың халық жасағы бөлімшелерін Агдам, Кельбаджар және Лачын аудандарынан шығару жұмыстары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Таулы Қарабақтағы халық жасағының бөлімшелері ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Әзербайжанның бақылауына өткен аудандардан шығып жатыр, деп хабарлады РИА Новостиге бітімгершілік күштері штабындағы дереккөз.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Таулы Қарабақ қақтығысы жөнінде ресми мәлімдеме жасады 

"Қиын жағдайға қарамастан, Таулы Қарабақтың халық жасағы бөлімшелерін Агдам, Кельбаджар және Лачын аудандарынан шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Әрине, қазір ол ауа райының нашарлауы мен кейбір жол учаскелерін минадан тазартуға байланысты баяулады. Атап айтқанда, бұл таулы жерлерге қатысты", - деді агенттіктің ақпарат көзі.

Сондай-ақ Қарабаққа Ресей бітімгерлері кіріп жатыр.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл келісім өзі үшін өте қиын шешім болғанын атап өтті. Ал Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев құжатқа қол қою Арменияның тізе бүккенін білдіретінін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0