Әлем

Түркиядағы жер сілкінісі: қаза болғандар саны 43 адамға жетті

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуТүркиядағы жер сілкінісі
Түркиядағы жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар елдің батысында зілзаладан зардап шеккендерді үйінді астынан іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Түркияның батысында жойқын жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 43 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости республиканың төтенше жағдайлар және табиғи апаттар агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін 42 адамның мерт болғаны хабарланған еді.

"Соңғы дерек бойынша 43 адам көз жұмып, 896-сы зардап шекті. Құтқарушылар Измирде қираған тоғыз ғимараттың үйіндісінде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

30 қазан күндіз Түркияның батысында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала эпицентрі Эгей теңізінде, Измир провинциясының Сеферихисар қаласының маңында орналасты.

Жерасты дүмпулері жақын маңдағы Грекияның аралдарында да сезілді. Грекиялық сейсмологтардың мәліметінше, оның магнитудасы 6,9 балға жеткен.

Тағы оқыңыз: Грекиядағы жер сілкінісі: жарты жылға төтенше жағдай жарияланды

Зілзала салдарынан Измирде жиырма шақты ғимарат құлап қирады. Жер сілкінісінің әсерінен цунами болып, Сеферихисар көшелерін су басты.

Ал Грекияның Самос аралында екі адам қаза тауып, жиырмасы зардап шекті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанға жер сілкінісінен адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Табиғи апаттан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі отандастармен байланысу үшін өз қызметкерлерінің телефон нөмірлерін жариялады.

Жаңалықтар
0