Әлем

Халықаралық валюта қоры әлемді қалай құтқармақ?

© Photo : Pixabay/RJA1988Доллары и евро
Доллары и евро - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық валюта қоры басшысының мәлімдемелеріне қарағанда, қаржы институты Covid-19 пандемиясын сылтауратып, 1944 жылға қайта оралғысы немесе жоқ дегенде, 1944 жылды қайталағысы келеді

ХВҚ басшылығының әлемге эпидемияның экономикалық және гуманитарлық салдарын жоюға көмектесу қажеттілігі туралы айтқан сөздерінің астарында әлдеқайда үлкен дүние жатқан болуы мүмкін, ал дамып келе жатқан елдердегі беделі төмендеп кеткен қаржы құрылымы басшыларының гуманистік ойларына тек өте аңғал адам ғана сене алады. Себебі ондай адам ешқашан осы вашингтондық ұйымның кезекті борышкерлері "ХВҚ-ның экономикасын сауықтыру талаптарын" орындау жолында әлеуметтік бағдарламаларды қалай қысқартқанын және мемлекеттік кәсіпорындарды арзанға қалай сатып жібергенін көрген емес, деп жазады РИА Новости. 

Люди в масках  - Sputnik Қазақстан
Әлем
ДДҰ коронавирус туралы: бұл соңғы пандемия емес
Ресей америкалық қарсыластарына құрмет көрсетуі керек: G7 элиталық-неоколониалды клубына кірмейтін елдердің ХВҚ-ны бақылауға алуға бағытталған барлық әрекеті ұйымның өз ішінде шешім қабылдау процесінде Қытайдың ықпалын арттыру мәселесінде едәуір ілгерілеушілік байқалғанына қарамастан, әлі күнге дейін сәтті бола қойған жоқ. Алайда, жалпы алғанда, дамушы елдердің негізгі несие берушісі әлі күнге дейін ешқандай жағдайда да әділ деп атауға болмайтын "жаhанданудың" нұсқасын ілгерілетуге бағытталған.

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева Андорраның қорға заңды түрде кіруіне орайластырылған ресми үндеуінде тарихи сәттің туғанын мәлімдеді: "Біз Андорраны 190-шы мүше ретінде қабылдауымызды асыға күтсек те, ХВҚ-ның жұмысы адамзаттың бауырластық қарым-қатынасына негізделген ынтымақтастық құндылығының дәлелі болып саналады. Бүгін біз жаңа бреттон-вудс "сәтіне" тап болдық. Миллионнан астам адамның өмірін қиған пандемия. Биыл әлемдік экономиканы 4,4 пайызға төмендетіп, келесі жылға қарай өндірісті 11 триллион долларға қысқартатын экономикалық апат. Бүгінде орасан күйзеліс пен өсіп келе жатқан кедейшілік жағдайында адамзат үлкен қиындықтармен бетпе-бет келді. Біздің алдымызда тағы екі ауқымды міндет тұр: бүгінгі дағдарысқа қарсы тұру және ертеңгі күнді жақсарту".

"Біз қарыздың ашықтығы мен несие берушілерді үйлестіруді күшейтуге бет бұруымыз керек. Бізді "Жиырмалықтың" (G20) "Қарызды реттеудің жалпы негіздеріне, сондай-ақ жеке секторды қоса алғанда, қарызды реттеудің архиектурасын жақсартуға шақыруға қатысты пкірталастар жігерлендіреді. Біз мүше елдермен бірге олардың саясатын қолдаймыз", дейді ХВҚ.

Бұл "барлық жақсылыққа ұмтылу және барлық жамандыққа қарсы тұру" ұстанымы сияқты көрінуі мүмкін, сондай-ақ,  америкалық дипломаттардың аузындағы "ережелерге негізделген әлемдік тәртіпті сақтау" деген сөз "Ресей Қырымды қайтаруы керек" дегендей естілуі мүмкін. Мұндай жағдайда, "қарыздың ашықтығы" тұжырымы - бұл шын мәнісінде, ашықтық туралы емес, Қытай туралы болып отыр. Ақпан айында Жапонияның Quartz экономикалық басылымы Қытайдың дамушы елдердегі ықпалының күшеюіне байланысты ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің күресі туралы былай деп жазды:

Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы  - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Пандемия басталғаннан бергі алғашқы кездесу: Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы
"(ХВҚ және Дүниежүзілік Банк - ред. ескертпесі) ең ірі несие берушісі болмаса да, әлсіз экономикалық параметрлерге байланысты мүмкіндігі аз саналатын Африка елдеріндегі капиталдың өте пәрменді көзіне айналған Қытайдың ықпалына алаңдаулы. Қытай өзінің мемлекеттік кәсіпорындары арқылы барлық құрлық бойынша өте қажетті инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың және сүйемелдеудің ыңғайлы пакетін ұсынады. Дүниежүзілік банк президенті Дэвид Малпасстың айтуынша, мәселе ашықтықтың жоқтығында.

"Біз бетпе-бет келіп отырған практикалық мәселелердің бірі - кейбір жаңа несие берушілердің Париж клубының құрамында болмауы, сондықтан менің ойымша, біз осы туралы айтқанда, адамдар кейде оның астарында Қытайдың жатқанын білдіруі керек, - деді Малпас. – Олар (қытайлық құрылымдар. - автордың ескертуі) несиелеу көлемін ұлғайтты, бұл белгілі бір тұрғыда жақсы да. Біз дамушы елдерді көп несиелендіргіміз келеді. Бірақ олардың келісімшарттарында көп жағдайда келісімшарттың шарттары қандай екенін білу үшін Дүниежүзілік банкке немесе жеке адамға тыйым салатын бап бар".

ХВҚ жалпы алғанда, Қытай қарызды үкіметтік құрылымдар немесе банктер деңгейінде ғана емес, жеке компаниялар деңгейінде қалай кешіреді деген мәселені Қытайдың өзі қатысатын екіжақты келіссөздерде емес, ХВҚ және батыс елдерінің қатысуымен  өтетін көпжақты формат шеңберінде шешілгенін қалайды. Бұл жаңа жаһандық қаржылық бауырластықты құру әрекеті сияқты емес, дамушы елдердің қолданыстағы және шын мәніндегі неоколониалдық несиелеу схемасын қорғауға деген ұмтылысы ретінде көрінеді, бұған Пекин өте қатты кедергі келтіруде.

Сонымен қатар, осы пікірлерге сүйене отырып, қор басшылығы Ресейден Украинаның еурооблигациялар бойынша үш миллиард доллар қарызын "кешіруін" неге талап етпеуі керек? Мәскеуді ашықтықтың жоқтығына және коронавирустен ең қатты зардап шеккен елге көмектескісі келмейтініне айыптау – бұл толықтай Вашингтон қорының стиліне сәйкес келеді.

Қорғаныш костюмін киген дәрігер - Sputnik Қазақстан
Әлем
Коронавирусты қайта жұқтырып жатыр: ДДҰ түсініктеме берді
ХВҚ жарқын жаһандық болашақ құрғысы келетін тағы бір қағида - Ресейдің экономикалық қауіпсіздігі мен бюджетіне тікелей төндіретін қауіп:

"Пандемия бұдан былай денсаулыққа қатысты сақтық шараларын елеумеуге, климаттың өзгеруіне назар аудармауға болмайтынын көрсетті. Біз климаттың өзгеруіне назар аударамыз, өйткені оның макродеңгейдегі шешуші рөлі орасан және егер оған назар аудармаса, ол өсу мен өркендеуге үлкен қауіп төндіреді. Бұл адамдар мен планета үшін де өте маңызды. Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, жасыл инвестициялар мен көміртегі бағасының жоғарылауын дұрыс үйлестіру арқылы 2050 жылға қарай қалдықтардың нөлдік деңгейіне қол жеткізіп, миллиондаған жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесеміз.

Бізде көп жұмыс орнымен қамтамасыз етілген жасыл әлем құрудың тарихи мүмкіндігі бар. Бүгінгі төмен пайыздық мөлшерлемелерге негізделген дұрыс инвестиция төрт еселенген дивидендті алып келе алады. Олар: болашақ шығындардың алдын алу, экономикалық кірістерді ынталандыру, адамдардың өмірін сақтап қалу және барлығына әлеуметтік және экологиялық жағынан пайда келтіру".

Іс жүзінде бұл мынаны білдіреді: 150 жылдан бері көмірсутекті жаппай пайдалану нәтижесінде мүмкін болған жедел технологиялық прогресстің нәтижелерінен ләззат алу мүмкіндігіне ие болған батыс елдері бай болып қалады, ал қалған әлем  мәңгілік кедейшіліктің қамытын киюі мүмкін. Олар: арзан электр энергиясына, қолжетімді жанармайға, тіпті электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуге тыйым салуды білдіреді.

Жасыл энергияны жүзеге асыратын жалғыз жұмыс орны - бұл халықаралық шенеуніктерге, экологиялық белсенділерге, сондай-ақ мемлекет пен тұтынушылар есебінен өз өнімдерін жоғары бағамен күштеп сатуы мүмкін еуропалық және америкалық жасыл энергетикалық компаниялардың акционерлерінің пайдасына арналған жұмыс орындары. ХВҚ басшысы айтып отырған "көміртегінің жоғары бағалары" шынтуайтына келгенде, "көміртегі тарифтерінің хабаршысы.

Жаңалықтар
0