11:06 23 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.68
  • EUR507.21
  • RUB5.57
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
427 0 0

Таулы Қарабақта ресейлік әскери бақылаушылар болуы қажет, бірақ бұл туралы соңғы шешімді қарсылас тараптар қабылдайды, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров

Ең алдымен, Әзербайжан мен Армения "көк дулыға" туралы келісімге келуі керек. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: "Кез келген бітімгершілік күштерді, бақылаушыларды, жалпы кімді болса да орналастыру екі тараптың келісімімен ғана мүмкін болады", - деп баса айтты. Және ол: "Әзірге біз бұған қатысты жауап естімедік", - деп толықтырды өз сөзін, деп жазады РИА Новости. 

14 қазанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев түріктің Haber Turk телеарнасына берген сұқбатында: "Егер тараптардың бірі вето қойса, бұл мүмкін болмай қалады. Екінші мәселе - бұл егеменді Әзербайжан аумағы екенін бәрі түсінуі керек. Біздің келісіміміз болмаса, ешкім ешкімді жібере алмайды. Бұл халықаралық құқықты бұзу", деді.

Әзербайжан көшбасшысы бақылаушыларды енгізу шиеленісті бейбіт жолмен реттеудің негізгі қағидаттарында көзделгенін еске салды. "Бұл ең соңғы нүкте. Бірақ ешқандай ілгерілеушілік болмағандықтан, бұл мәселе әлі де талқылануда", - деді Әлиев.

Ол Түркияны келіссөздерге тарту қажет деп санайды және Қарабақ қақтығысымен 1992 жылдан бері айналысып келе жатқан ЕҚЫҰ-ның Минск тобының тиімділігіне күмәнданады. Оның тең төрағалары - Ресей, Франция және АҚШ, ал мүшелері - Армения мен Әзербайжаннан бөлек, Беларусь, Германия, Италия, Швеция, Финляндия және Түркия.

"Бұл топта аймаққа кіре алмайтын және ықпал ете алмайтын елдер бар, - деп түсіндірді Әлиев. – Егер  қақтығысты шешкіміз келсе, бізге нақты татуласуға ықпал ете алатындай мемлекеттер қажет. Әрине, біз бұл рөлде Түркияны көріп отырмыз".

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресейдің бітімгершілік күштеріне қатысты нұсқаны қарастыру керектігін атап өтті. "Бірақ мұндай мәселелерді ЕҚЫҰ-ның Минск тобы аясында кеңірек талқылауымыз керек", - деді Армения лидері Al Jazeera арнасына.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымның (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась ҰҚШҰ-ның тұрақты кеңесіне Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Армения сыртқы істер министрлігінің басшысы Зохраб Мнацаканяннан Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты өтініштер келіп түскенін хабарлады.

"Аймақтағы бітімгершілік туралы белсенді пікірталас жүріп жатыр", - деді Зась. Сондай-ақ, ол: "Біз ЕҚЫҰ-ның Минск тобына мүше елдердің оларға берілген өкілеттіктер шеңберінде ғана қатысқанын қолдаймыз", деп нақтылады.

9 қазанда Армения мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Зограб Мнацаканян мен Джейхун Байрамов Сергей Лавровтың көмегімен Мәскеуде бітімгершілік орнату туралы келісімге келді. Соғыс өртін келесі күні түске дейін тоқтау туралы ұсынылған еді. Алайда ұрыс қимылдары қайта жанданды.

Ресейдің Кавказ бойынша сарапшысы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Артур Атаев бітімгерлерді күтіп тұрған қиындықтар туралы айтады. "Географиялық тұрғыдан алғанда, бұл аймақ өте күрделі. Әзірге байланыс сызығын қай жерде жүргізуге болатындығы туралы түсінік жоқ. Бір тарап Таулы Қарабақ пен оған жақын орналасқан жеті аймақ ТҚР-ға (мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасы – редакция ескертпесі) тиесілі деп санайды. Басқалар үшін Қарабақтың өзі және оның айналасындағы жерлер - Әзербайжан аумағы. Бұл көзқарастар арасында алшақтық бар", - дейді ол.

Саясаттанушының айтуынша, әскери қимылдар жүріп жатқанда, бітімгершілік миссиясын байыпты талқылауға болатындай объективті алғышарттар жоқ. "Бірақ жаңа эскалация пайда болды. Әрине, қақтығыс аймағында кез-келген келісімді бұзуға дайын әскерилендірілген құрылымдардың мүшелері бар. Ресейдің сыртқы барлау қызметінің бастығы Сергей Нарышкин Кавказға Таяу Шығыстан содырлардың  жіберілгенін атап өтті. Мұндай мәлімдемелер жайдан-жай жасалмайды", - дейді Атаев.

Бір жағынан, Ресейдің Кавказға - Оңтүстік Осетия мен Абхазияға бітімгершілік күштерін орналастыру тәжірибесі бар. Бұл қақтығысушы тараптардың ең болмағанда, қандай да бір диалог құруына көмектесті. Бірақ грузин армиясының Цхинвалдегі ресейлік бақылаушыларға шабуылы қарсыластарын үшінші күшпен бөлу идеясын айтарлықтай нашарлатты.

"Мұндай тапсырмаларды орындайтын әскери қызметшілер кез-келген жағдайда келіссөздер жүргізуге машықтанған. Оңтүстік Осетия мен Абхазияда атыс сызығы, байланыссыз аймақ және басқалар туралы келісімдер болды. Бірақ алған жарақатынан 68 орыс сарбазы мен офицері қаза тапты. Енді Мәскеу контингентті келесі ыстық аймаққа әкелу керек пе деген сұраққа жауап беру кезінде бұл мәселенің барлық жағымды және жағымсыз жақтарын өте мұқият таразылайтын болады", - деді өз пікірімен бөліскен сарапшы.

Бұдан шығудың жолы - ҰҚШҰ күштерінің тараптардың бөлінуіне қатысуы. "Бұл ұйымның өсу нүктесі болады", - деп есептейді Атаев.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдары мен 90-шы жылдардың басында аймақтағы жанжалдасушы тараптар Кеңес армиясы мен КСРО ІІМ ішкі әскерлерінің бөліктерін ажыратып алды. Бірақ оларды барлығы бірдей бітімгер деп қабылдаған жоқ - армяндар да, әзербайжандар да әскерилерді қарсыласқа көмектесті деп айыптады.

Сергей Шатько Таулы Қарабақ автономиялық аймағында үкіметтік байланыс полкі бөлімшесінің құрамында жүріп тапсырмаларды орындады. Ол өзін соғыс қимылдарының ардагері деп атамайды – Қарабақтағы ұрыс қимылдарын басынан өткерген әскери қызметшілерде мұндай мәртебе жоқ. Ол сол жылдардағы "бітімгершілік күштердің" түсініксіз құқықтық жағдайы мен 1990 жылдардың басындағы шатасқан саяси жағдайдың арасында параллель жүргізді.

"Біз жанжалдасқандарды татуласуға және зорлық-зомбылықтан қорғалуға тиіс отандастарымыз ретінде қарадық, - деп еске алады Шатько. — КСРО ІІМ училищесі курсанттар шоғырланған батальонының  офицері айтқандай: "Ойран салынып, адамдар өлтірілуде, біздің міндетіміз —кеңес билігінің осы жерде болғанын, қазір де бар екенін және болашақта да болатынын көрсету". Алайда одан ештеңе шықпады. Шамасы, орталық бұл жағдайды қалай шешуге болатынын түсінбеген. Әртүрлі адамдар кездесті, ой-санасы ашық жандар көп болды, бірақ біздің артымыздан түкіргендер де табылды, бізді басқа тараптың сойылын соғып жүр деп айыптады. Олар тыныштықты қажет етпеді, біздің қаруымыз бір-бірін ату үшін қажет болды".

Соңғы бөлімшелер Степанакерттен 1992 жылдың көктемінде кетті, тараптар ұрыс қимылдарын жүргізді, сондықтан іс жүзінде мемлекет деп саналмайтын елден армия бөлімшелерін шығару үшін әскери операция ұйымдастырылды.

"Екі тараптың саясаткерлері бейбітшілікке емес, билікке ұмтылды. Содан кейін жаңа соғыс толқынына ұлтшылдар келді, - деп жалғастырды сөзін Шатько. — Олар жалғыз нәрсені ғана қалады - өзі қойған шарттармен жеңіске жету. Басқа ештеңе емес. Ішкі әскерлер, бұрынғы Кеңес армиясының бөлімшелері Қарабақтан кетіп қалды және бәрі күйреді. Ешкім де соғысушы тараптарды ажыратуға тырыспады. Қап тауы әскери округінің меншігі бөлінгеннен кейін тараптар қару-жарақ пен әскери техниканы қолдарына алды. Кең ауқымды соғыс басталды".

1990 жылдардың басында ішкі қызметтің генерал-майоры Владимир Ворожцов Қап тауына іссапармен барады. Қазір оны ащы мысқылмен есіне түсіреді: оның әріптестері бұрын қай жерде тапсырма орындағанына байланысты біресе "Арменияның батырлары", біресе "Әзербайжанның батырлары"  болып жүрді.

"Бұрын әскери күштер армян немесе әзербайжан аумағында болған кезде жергілікті тұрғындардың көңіл-күйін өздеріне әбден сіңіріп алғандықтан, олар өздерін қақтығысқа қатысушы ретінде қабылдаудың аз-ақ алдында қалады", - деп мойындады ол. - Кеңес  армиясы екі тарапты да қолдады деген айыптау осыдан шықты. Бірақ негізінде, сарбаздар бейбіт тұрғындарды қорғады. Кейбіреулері осыған бола өз өмірін құрбан етті ".

Ворожцовтың пікірінше, Ресейде бітімгершілік миссиясына қажетті тәжірибе де, жеке құрам да бар.

"Технологиялар пысықталды. Ең тиімдісі, бірақ іске асырылуы қиыны жалпы патрульдеу: жанжалдасушы тараптардың әскерилері мен бітімгер бірлесіп байланыс сызығын тексереді. Бұл біріншіден, адамдар арасындағы байланыс, екіншіден, олар өз адамдарына оқ атпауы қажет", - деп түсіндірді ол.

Ворожцовтың айтуы бойынша, бітімгердің кім болуы тек жергілікті тұрғындардың көзқарасына байланысты емес.

"Сенім іс-әрекеттің арқасында пайда болады. Бірақ басты шарт - қарсылас тараптардың тек осы әскери қызметшілердің болуына келісім беруі", - дейді генерал. - Ал бұл таза саяси мәселе. Мақсаттары айқын болған кезде контингентті енгізудің өз мәні бар. Мұны Баку де, Ереван да және Мәскеу де түсінеді".

Загрузка...

Басты тақырып