НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. "ВКонтакте" және Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров 36 жасқа толды. Ол неліктен жас көрінетінін айтты.
"Мен жас көрінетін көптеген адамдарға сауал қойдым. Олар не істейтінін айтып берді", - деді Дуров Telegram-да.
Бірінші кеңес - ішімдіктен бас тарту. Дуровтың айтуынша, алкоголь денсаулыққа зиян әрі қартаю процесін жылдамдатады.
Екіншіден, көп ұйықтау керек. Ұйқы кезінде күш жиналады. Жұмыс күндері қанбаған ұйқының нормасын демалыс күндері өтеу мүмкін емес.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Үшінші ереже - көп тамақ жемеу.
"Адамдар артық салмақ салдарынан жасынан кәрі көрінеді. Сондай-ақ, түрлі дерттер пайда болады. Мен алты сағатта екі рет тамақтанамын. Күніне үш реттен артық тамақтану - жағымсыз әдет", - деп жазды Дуров.
Бұған қоса, спортпен шұғылдану керек екенін айтып отыр.
"Мен кардио жасаймын. Таза ауада қыдырып, велосипед теуіп, жүзумен айналысамын", - деді миллиардер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дуровтың айтуынша, стресске ұшырамауға тырысу керек. Еттен бас тартып, жалғыз тұрған жөн.
Программист өзі бұл ережелерді он жылдан бері ұстанып келеді.
"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушысы Павел Дуров 1984 жылы 10 қазанда Ленинградта туды. 2018 жылы Forbes нұсқасы бойынша долларлық миллиардерлер тізіміне енді. 2020 жылы оның қаражаты 3,4 миллиард доллар шамасында екені айтылды.