Әлем

Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді

© Sputnik / Медиабанкке өтуСитуация в Киргизии
Ситуация в Киргизии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстан астанасында төтенше жағдай режимі 21 қазанға дейін енгізілді. Қалада комендатура құрылып, блок бекеттер қойылады. Сондай-ақ, қалаға әскерилер кіргізілмек

АЛМАТЫ, 9 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ел астанасында жаппай тәртіпсіздік болуы мүмкін деген қауіппен төтенше жағдай режимін енгізді.

Жарлық 9 қазанда Бішкек уақыты бойынша сағат 20:00-де күшіне енеді.

"Төтенше жағдай жаппай тәртіпсіздіктің зорлық-зомбылық және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне байланысты енгізіледі", – деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Төтенше жағдай режимі шамамен екі аптаға, 21 қазан сағат 08:00-ге дейін созылады.

Қырғызстан президенті ішкі істер министрінің орынбасары Алмаз Оразалиевті ел астанасының коменданты етіп тағайындады. Сонымен қатар Жээнбеков Бішкекке әскер кіргізіп, блок бекеттер қоюды бұйырды.

Қырғызстандағы қақтығыс

5 қазанда Бішкекте парламенттік сайлаудың нәтижелеріне наразы митингілерден кейін тәртіпсіздіктер басталды. Жеңіліс тапқан партиялардың жақтаушылары президент әкімшілігі мен Жогорку Кенештің бір палаталы парламенті орналасқан "Ақ үй" ғимаратын басып алды. Ғимарат бүлініп, өрт шыққан.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков және депутат Садыр Жапаров түрмеден босатылды.

Содан кейін бүкіл елде тәртіпсіздіктер басталды. Ел астанасындағы ірі өндірістік кәсіпорындар мен шетелдік компанияларды тартып алуға әрекет жасалды.

Алайда ел президенті төтенше жағдай режимін енгізбеуге және қауіпсіздік қызметкерлеріне "қан төкпеуге" бұйрық берді.

Ел президенті Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан халқына үндеу жасап, қызметтен кетуге дайын екенін мәлімдеді.

"Жогорку Кенешке сайлаудың нәтижелері жойылды. Енді жаңа парламенттік сайлау тағайындалуы керек. Бұл мәселе бойынша шешімді Орталық сайлау комиссиясы қабылдайды. Бұл шаралар қазіргі саяси шиеленісті азайтады", – деді Жээнбеков.

Оқи отырыңыз: Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

Жаңалықтар
0