Әлем

"Навальный уланған жоқ": оппозиционерді емдеген дәрігермен сұхбат

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуРассмотрение административного дела в отношении Алексея Навального в Симоновском суде
Рассмотрение административного дела в отношении Алексея Навального в Симоновском суде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Александр Сабаевтың айтуынша, оның жағдайының нашарлауына көмірсутек алмасу жүйесінің бұзылуы себеп болған

Сібір Федералды округі мен Омбы облысының бас токсикологы, медицина ғылымдарының докторы, №1 Омбы қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Александр Сабаев РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Алексей Навальныйдың емі туралы айтты.

Здание министерства иностранных дел РФ на Смоленской-Сенной площади в Москве. - Sputnik Қазақстан
Ресейлік СІМ Берлиннің Навальный туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Ол оппозиционердің улануы мүмкін деген деректі жоққа шығара келе, оның жағдайының нашарлауына көмірсутек алмасу жүйесінің бұзылуы себеп болғанын атап өтті. Сондай-ақ, жедел медициналық көмек көрсетудің нәтижесінде науқасқа сәтті ем жүргізілгеннен кейін бірнеше сағат ішінде Навальныйдың жағдайы едәуір жақсарғанына тоқталды. Сонымен қатар, Александр Сабаев уланған адамның жағдайы қалай болатынын және оның қалпына келуі үшін қанша уақыт кететіні жөнінде сөз қозғады.

– Александр Владимирович, Алексей Навальныйдың жағдайы нашарлаған кезде, алғаш сіз қызмет ететін клиникаға келіп түскенін білеміз. Кейінірек ол "Берлин науқасына" айналып шыға келді. Бұл жерде қарапайым сауал туындайды. Науқас шынымен уланды ма?

– Ол уланған жоқ. Улану денсаулықтың нашарлауына түрткі болған себептердің бірі ретінде ғана қарастырылды. Бірақ біздің клиникаға келіп түскеннен кейінгі алғашқы алты сағат ішінде улану туралы диагноз толықтай алынып тасталды. Оның үстіне, бұл клиникалық тұрғыдан да, химиялық-токсикологиялық зерттеулермен де расталмады. Яғни, біз оның уланбағанына көз жеткіздік.

– Енді бұл жерде "дәрігерлік құпия" деген түсінікті алып тастау керек сияқты.  Себебі, жаңағы оқиғадан кейін Путин Навальныйды улады деген айыптаулар шықты. Қан құрамынан қандай да бір улы зат табылды деді. Мұндай ақпарат бүкіл әлемді шарлап, оның соңы үлкен саяси мәселеге айналды. Шынымен не болды? Сіз сол кезде "науқас парағына" не жазып едіңіз?

– Біз диагнозды дұрыс қойдық. Ол – көмірсутек алмасуының бұзылуы. Бұл диагноз бірнеше айдан бері айтылып келе жатыр. Мұның жасыратын ештеңесі жоқ. Бұл – шынымен ауыр метаболитикалық жағдай. Ол науқас ұшаққа отырмай тұрып, бірнеше сағат немесе бір тәулік бұрын басталған болуы мүмкін. Кейін ұшақ әуеге көтерілген кезде, жағдайы күрт нашарлап кеткен. Сондықтан бізге метаболизмнің бұзылуымен күресу керек болды, жалпы алғанда, біздің клиникада жатқан кезде, оның жағдайы біршама қалпына келді. Бұл жерде бірден айту керек, өткір химиялық ауру және метаболизм ауруы – бұл екеуі өзгеше патологиялық процестер, оларда ұқсас ештеңе жоқ. Ал науқаста метаболизм ауруы байқалғандықтан, біз оның белгілерімен дер кезінде күресіп, біздің клиникаға түскеннен кейін 40-42 сағат ішінде оң динамикаға қол жеткіздік.

– Сіздің ойыңызша, метаболизмнің бұзылуына не түрткі болған?

– Оның бірнеше себебі болуы мүмкін. Бұл алиментарлы фактор, бәлкім белгілі бір тағам мен алкогольдік ішімдіктерді тұтыну факторларының салдарынан болуы мүмкін. Бұған диетаны сақтамау немесе қандай да бір диетаны ұстану факторлары да әсер ете береді. Әдетте, бұл негізгі себептер. Бірақ метаболизмнің бұзылуына байланысты қойылатын диагноз зертханалық зерттеулермен расталады. Мұны биохимиялық тестілер дәлелдейді, біз науқасқа оның сегізін өткіздік. Толықтай диагностикалық зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде біздің әу баста қойған диагнозымыз расталды, барлығы құжатқа тіркелді. Жеткілікті білікті мамандардың, бас мамандардың, Омбы медициналық университеті қызметкерлерінің қатысуымен кеңейтілген сегіз консилиум өткізілді. Нәтижесінде "улану" диагнозы толықтай алынып тасталды, басты диагноз бекітілді. Ол – "көмірсутек алмасуының бұзылуы".

– Сонда мұның бәрін созылмалы панкреатит ушықтырып жіберген болып тұр ма?

– Әрине. Ұйқы безі мен оның қызметі бұзылған. Оны өзіміз өткізген тестілеулерден байқадық. Яғни ұйқы безінің қызметін сипаттайтын белгілерде патологиялық өзгерістер болған.

– Бұдан адам өліп кетуі мүмкін бе?

– Әрине. Негізгі нұсқа – бұл пациенттің ұйқы безінің дисфункциясы, ең алдымен, дисфункция қандағы қанттың күрт ауытқуын туғызады. Ол үш ммоль/л.-ден 20 ммоль/л.-ге дейін көтерілген. Бұл өте қауіпті болғандықтан, біз оны қалпына келтіру жұмыстарын дереу қолға алдық. Оң нәтижеге 12-14 сағаттың ішінде қол жеткіздік.

– Алексейді өлімнен құтқардық деп айта аласыз ба?

Президент США Дональд Трамп подтвердил, что лидер террористической группировки Исламское государство Абу Бакр аль-Багдади убит в Сирии в ходе спецоперации - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп Навальный төңірегіндегі мәселені жылы жауып қойды – саясаттанушы
– Сөзсіз. Ауру ағымына байланысты, мен науқастың жағдайы 20 тамыздан 21 тамызға қараған күні түнгі сағат 1-лерде күрт нашарлады деп айтар едім. Сол кезде қандағы лактат қауіпті деңгейге, яғни 12-ге дейін көтерілді. Осы кезеңде, мүмкін, адам ағзасы ең ауыр күйзелісті бастан кешіруі мүмкін. Кез келген компенсаторлық қабілеттің бұзылуы ағзаның көптеген қызметінің бұзылу белгілерінің дамуына алып әкеледі. Біздің клиникаға келіп түскеннен кейінгі жеті-сегіз сағат науқастың өмірі үшін қауіпті кезең болды. Осы уақытта ағзаның көптеген қызметінің бұзылуы белгілері байқалса, науқас аурухана келіп түскен бір тәуліктің ішінде қайтыс болып кетуі мүмкін. Біз осы ждағдайдың алдын алдық.

– Мұндай жағдайды болдырмас үшін іс жүзінде не істедіңіздер?

– Біз интенсивті терапия жүргіздік, қысқа мерзімде әсер ететін инсулин енгіздік, адекватты нейровегетативті коррекция жүргіздік, қалыпты ұйқыны, қозудың болмауын қамтамасыз еттік. Әрине, бұл жерде науқастың жас болғаны, созылмалы, күрделі аурулармен ауырмағаны да әсер етті. Бірақ жұмыс қарқынды жүргізілді. Сағат сайын барлық функция мен жүйені бақылауда ұстап отырдық.

– Қандай нәтижеге қол жеткізе алдыңыздар, динамиканы қалай бағалар едіңіз?

– Науқас клиникадан шығарылар алдында, яғни 44 сағатта біз қандағы қант деңгейін 3,3-5,5 деңгейге дейін тұрақтандырдық. Қантта қатты ауытқулар болған жоқ. Біз ацетонемиядан өттік, яғни ішкі ацетонның түзілуі тоқтады. Бұл үлкен қадам, яғни ағза ішіндегі қышқылдану процесі тоқтады. Бізде лактатацидоз кетті, себебі сүт қышқылының көп мөлшерде түзілуі көмірсутек алмасуының бұзылуына байланысты орын алады. Бұдан кейін біз оны реанимацияда жатқан науқастарға арналған арнайы қоспалармен тамақтандыра бастадық. Нәтижесінде, глюкоза сіңіріле бастады, бұл – ең маңызды процесс. Себебі, мұндай жағдайда глюкоза сіңбесе, науқастың өліп кету көрсеткіші жоғары. Сондықтан, мен алғашқы сағаттарда, күрделі сәттерде науқасты өлімнен арашалап қала алдық деп есептеймін.

– Бірақ науқас сол кезде комада жатты ма?

– Ия, комада, бірақ үстірт комада жатты. Терең кома деген бар, сол сияқты үстірт кома деген де бар. Екіншісі, қарқынды терапияның әсерінен пациентте байқалатын оң динамика. 44 сағат ішінде науқастың жағдайын жақсарту – бұл жақсы көрсеткіш. Алайда көп еңбекті талап етеді. Бұған дұрыс тағайындалған терапия да әсер етеді. Біз химиялық уланудың әсерінен болатын емдеу стандарттары бойынша ем жүргізбедік, себебі ондай жағдайда мүлдем басқа технологиялар қолданылады. Біз метаболитикалық команы, дұрыс алдын алмаса, адамның өліміне алып келетін ауыр метаболикалық өзгерістерді болдырмау және емдеу стандарттарын ұстандық. Сондықтан лабораториялық та, клиникалық та тұрғыда жақсы нәтижеге қол жеткіздік.

Біз уланудан да күдіктендік, сондықтан химиялық әсерлерді көрсете алатын талдаудың барлық спектрін қарастырдық. Өйткені химиялық және токсикологиялық зерттеулер бізге токсиканттар туралы ғана емес, сонымен қатар ағзаның токсиканттарға реакциясы туралы мәлімет береді. Біз бүйрек, бауыр және өкпенің реакциясын, токсиканттарға бірінші болып әсер ететін мүшелерді қарадық. Осы уақыт ішінде бұл ағзалардың бірде-бір белгісі өзгеріске ұшыраған жоқ: бүйрек те, бауыр да, өкпе де. Барлығы таза болды. Біріншіден, органдар қалыпты жұмыс істеп тұрды, екіншіден, бұл органдарға ешқандай зақым келген жоқ. Осылайша, бұл жағдайдың химиялық ауруға тән емес екеніне көз жеткіздік.

– Яғни, химиялық ауру дегеніміз – бұл химиялық жарақат, солай дегіңіз келді ме?

– Иә. Өте дұрыс, бұл терминдер бірдей, яғни ұқсас келеді. Тек химиялық ауру көбіне нозологиялық ауруға келеді. Жарақат –  бұл химиялық жарақат. Біріншіден, ол сыртқы әсерден туындайды, екіншіден, ол ішкі ағзаға қатты әсер ететіндіктен, адамның өліміне әкеліп соғады.

– Ал қанша уақытта адамның уланғанын білуге болады?

– "Улану" туралы диагноз процесс болған сәттен бастап алғашқы алты сағат ішінде байқалады. Егер біз адамның уланғанын растайтын болсақ, онда ультрагемодиафильтрация форматында детоксикация жүргізу керек. Ультрагемодиафильтрация – бұл токсиканттарды табиғи жолдар, яғни бауыр мен бүйрек арқылы емес, экстракорпоральды жолмен шығару. Бұл – диализ сияқты тәсіл. Бұл жерде қан арнайы мембраналар арқылы тазартылады.

– Яғни, біз денеден қанды шығарып, оны аппарат арқылы тазартып, ағзаға тазартылған күйде қайта құямыз, солай ма?

– Өте дұрыс, барлық өмірлік маңызы бар функцияларды сақтай отырып, арнайы буферлік ерітінді қолданылады. Бұл экстракорпоральды детоксикация деп аталады.

– Сіздер мұндай әдісті жасамадыңыздар ғой?

– Жоқ. Ағзалардың бұзылуы болған жоқ. Барлық органдардың ішінде тек бұл ұйқы безі ғана өзгеріске ұшыраған. Ағзаның қалған мүшелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұрды.

– Ал химиялық жарақат алған жағдайда қалай болады?

Алексей Навальный, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Навальный Ресейге оралуы мүмкін бе?
– Химиялық зақым келген жағдайда бес жүйе – бүйрек жүйесі, бауыр жүйесі, өкпе, жүрек және ми зардап шегеді. Неліктен улану туралы қате болжам жасалды? Болжам жасаушылар тек бір ғана белгіге келіп тірелген. Ол – естен тану. Бірақ естен тану жұқпалы аурулардан бастап, қарапайым жарақаттарда, бас-ми жарақаты кезінде, инсульт кезінде де болуы мүмкін. Оның мың түрлі себебі кездеседі. Міне, солардың арасында улану да бар. 

– Ал у қандай да бір жолмен тіндерді бұза ма немесе ол адам ағзасына қалай әсер етеді?

– У негізгі ферменттік жүйелерді блоктайды, удың міндеті – биологиялық объектіні барлық зат алмасу процестерінің табиғи тепе-теңдігінен шығару. Сондықтан ағза удың тікелей әсерінен емес, детоксикация жүйесінің болмауынан және өзінің ішкі тепе-теңдігінің бұзылуы себебінен істен шығады. Егер біз улы заттар туралы айтар болсақ, бұл науқас жағдайының нашарлауына метаболитикалық өзгерістер себеп болған, ал ол көмірсутек алмасуының бұзылуына алып келген. Бұл жерде оның ағзасына улы заттың әсері болғандығы туралы ешқандай әңгіме жоқ.

– Оған сұрақ қойды, ал ол "Путин мені улады" деп жауап берді...

– Жоқ. Ол химиялық затпен уланған жоқ. Бұл – нақты жауап. Мен атап өткендей, біз ұжымдық консилиум барысында, бірінші күні-ақ улану тақырыбын жауып тастадық. Одан әрі не болғаны бізге белгісіз. Біздің қолымызда улану туралы мәліметтер болған жоқ.

– Көпшілік алдына шыққан Навальныйдың келбеті сізге қандай әсер қалдырды?

– Оның сыртқы келбеті біз қойған диагнозға толықтай сәйкес келеді. Ия, мұндай аурумен ауыратын науқастар тез арада қалпына келетінін айту керек, өйткені көмірсутек алмасу деңгейі қалпына келеді.

– Ал егер химиялық жарақат алған болса қалай көрінер еді?

– Ол әлі де эфирге шыға алмас еді, сөйлесе алмас еді. Белсенді өмірге тез оралмас еді. Аурухана төсегіне таңылып жатар еді. Бұл сөзсіз.

– Александр Владимирович, рахмет. Егер Навальный Ресейге қайта оралатын болса, оның денсаулық жағдайына байланысты қандай да бір халықаралық консилиум немесе белгілі бір зерттеу жүргізілуі мүмкін бе?

– Адам денсаулығына, оны сауықтыруға, оның қалыпты өмірге қайта оралуына байланысты барлық нәрсе әрқашан өзекті. Сонымен қатар, мәселелерді шешу қажет болса, мен ғана емес, менің әріптестерім және мәскеулік ғалымдар шынымен де кеңейтілген консилиум өткізу қажеттігін айтатынымыз анық. Себебі, адамның өмірі мен денсаулығы әрқашан өзекті мәселе болып қала бермек.

Жаңалықтар
0