Әлем

COVID-19-бен байланысты қауіпті синдром байқала бастады: ғалымдар дабыл қақты

© Sputnik / AFK Sistema / Медиабанкке өтуКоронавирусқа қарсы вакцина
Коронавирусқа қарсы вакцина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Респираторлық симптомдар тексерілген пациенттердің бәрінде бірдей байқалмаған, сол себепті ғалымдар синдромның COVID-19 инфекциясымен тікелей байланысы бар-жоғын нақты айта алмай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. АҚШ ғалымдары ересектерде коронавируспен байланысты қабыну синдромын анықтады.

Бұған дейін мұндай синдром тек балаларда кездескен еді. Ал қазір бүлдіршіндер мен жасөспірімдерде коронавирустың асқынған түрі саналатын MIS-A синдромы ересек науқастарда да байқалып жатыр, деп хабарлады АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сайты.

Мұндай синдром анықталған пациенттердің жүрек ырғағы бұзылып (аритмия), іші ауыра бастаған. Айта кетерлігі, олардың ешқайсысында бұған дейін жүрек және асқазан-ішек жолдары аурулары болмаған.

Америкалық мамандар 21-50 жас аралығындағы 16 науқастың жағдайын толық сипаттап берді. Олардың бәрінде аритмия анықталған, 12 адамның дене қызуы көтерілді, тек сегіз пациентте ғана респираторлық симптомдар байқалған. Салдарынан он адам жансақтау бөліміне түсті, екеуі қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Кавасаки синдромы коронавирустың асқынған түрі ме - ғалым жауап берді

Ғалымдар коронавирусты жұқтыру мен MIS-A синдромының пайда болуы арасында қанша уақыт өтетінін әзірге анықтаған жоқ. Сондықтан олар бұл синдром COVID-19-дың ауыр түрі ме, жоқ әлде "инфекциядан кейінгі процесс" пе, ол жағын нақты айта алмай отыр.

Айта кетсек, коронавирус белгілері туралы хабарлаған науқастарда MIS-A синдромы орташа есеппен екі-бес аптадан соң пайда болған.

Жаңалықтар
0