07:17 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
3945 0 0

Ғалымдар қарынға жиналған майдың қаупін анықтау мақсатында 70-тен астам ғылыми жұмысты қарап шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Адамның дене салмағы нормаға сай болып тұрса да, қарынға жиналған май мезгілсіз өлімнің қаупін күшейтеді. Иран мен Канаданың ғалымдары осындай шешімге келді, деп хабарлады MedicalXpress порталы.

Ғалымдар тобы қарындағы майдың жиналуы мен сан алуан себептерден болған өлім-жітімнің арасындағы байланысты зерделеп, осы мәселе бойынша 70-тен астам ғылыми жұмысты қарап шықты.

"2,5 миллион еріктінің денсаулығына қатысты мәлімет жан-жақты зерттелді. Осы кезде мамандар бел мен санның көлеміне, екеуінің ара қатынасына, денедегі майдың мөлшеріне және тағы басқа көрсеткіштерге баса назар аударған", – делінген ақпаратта. 

Зерттеудің нәтижесінде ғалымдар маңызды бір шешімге келді. Оған сәйкес, қарында май қыртыстары бар пациенттердің ерте қайтыс болу көрсеткіші жоғары.

Мәселен, белдегі майдың көлемі 10 сантиметрге артқан сайын мезгілсіз өлімнің қаупі 11 процентке көтеріледі. Ал белдің санмен немесе боймен ара салмағы 0,1-ке (интернетте арнайы калькулятор бар – Sputnik) көбейсе, ерте қайтыс болу көрсеткіші 20 процентке ұлғаяды.

"Демек, қарындағы майдың жиналуына қарап, мезгілсіз өлімнің қаупін анықтауға болады", – дейді ғалымдар.

Оқи отырыңыз: "Бір жылда 13 ай болу керек": қазақстандық ғалымдар тұрақты күнтізбе ойлап тапты

Тақырып бойынша

Ресейлік ғалымдар коронавирусты бейтараптандыратын антиденелер шығарды
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Антарктидада зерттеу жүргізген ғалымдар бүкіл өркениетке қауіп төнгенін мәлімдеді
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты
Кілт сөздер:
семіздік, өлім
Загрузка...

Басты тақырып