06:16 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1663)
1211 0 0

Польша сенаторы Гжегож Челейдің айтуынша, халық тарапынан түсетін ұсыныстардың негізінде дәрінің ресми атауы рәсімделеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Польша мамандары әлем бойынша алғаш рет коронавирусқа қарсы тиімді дәріні шығарғанын мәлімдеді. Бүгінде жаңа препараттың клиникалық сынақтарына дайындық жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Onet сайты.

Медициналық препарат коронавируспен ауырып шыққан адамдардың қан плазмасынан жасалып отыр. Клининалық сынақтар Люблин, Бытом, Белосток пен Варшава орталықтарында өтеді. Сол кезде коронавирусқа қарсы жаңа дәрі 400 пациентке егіледі.

Ресми мәліметке сәйкес, 23 қыркүйекте COVID-19-ға қарсы алғашқы препаратты өндіру жұмыстары аяқталды. Соның аясында anti-SARS-CoV-2 иммунды глобулиннің үш мыңнан астам ампуласы шығарылды. Мамандар алдымен сапасын тексеріп, арнайы тесттер жасайды. Одан кейін оны клиникалық сынақтарға жібереді. Алдын ала зерттеулер жаңа препараттың тиімділігін растады.

"2020 жылдың төртінші тоқсанында коммерциялық емес клиникалық сынақтар үшін препараттың тағы бір партиясы шығарылады", - дейді Biomed Lublin S.A. компаниясының басшысы Марцин Пирог.

Польша сенаторы Гжегож Челейдің айтуынша, жаңа препараттың атауы жоқ. Халық тарапынан түсетін ұсыныстардың негізінде дәрінің ресми атауы рәсімделеді.

"Біз бірінші болып COVID-19-ға қарсы препаратты шығардық. Дәрінің құрамында антиденелер бар. Олар SARS-CoV-2-ні жоя алады. Жаңа препарат коронавирустан жазылып шыққан поляк азаматтарының арқасында жасалды. Сондықтан поляктар оны бірінші болып алады және оның атауын ойлап табуға міндетті. Біз ұсыныстарды күтеміз", - деді Челей арнайы баспасөз мәслихатында.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты жазылып шыққан адамдардың қан плазмасымен емдеуді мақұлдаған болатын.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1663)

Тақырып бойынша

Ғалымдар коронавирусқа қарсы қорғанысы күшті қан тобын анықтады
Ғалымдар коронавирус жұқтырғанда кімдер 12 есе жиі көз жұматынын айтты
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
Қытайлық ғалымдар коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады
Кілт сөздер:
дәрі-дәрмек, дәрі, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып