08:55 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
98 0 0

Александр Лукашенко беларусь тілінде Беларусь халқына адал қызмет етуге, адам құқығы мен бостандығын құрметтеуге ант берді

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі Минскідегі Тәуелсіздік сарайында өтті, бірақ ел билігі бұл туралы алдын ала хабарламады.

Sputnik Беларусьтің хабарлауынша, 23 қыркүйекте Минскідегі Тәуелсіздік сарайының жанында көп техника жиналып, сол маңнан құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері байқалған. Ғимаратқа кіретін жолдар жабылған.

Рәсім құпия түрде өтті, ал мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт РИА Новости агенттігіне инаугурацияның жақында өтетінін, ол туралы алдын ала хабарланатынын айтты.

БЕЛТА басылымының хабарлауынша, ұлықтау рәсіміне жүздеген адам шақырылды. Олардың қатарында жоғары лауазымды тұлғалар, өкілдер палатасының депутаттары және республикалық кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті атқарушы және басқарушы органдардың, республикалық бұқаралық ақпарат құралдары басшылары, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері бар.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі Беларусьтегі оқу-жаттығулар не үшін өтетінін түсіндірді 

Конституцияға оң қолын қойып, Александр Лукашенко беларусь тілінде ант берді. Содан кейін ол ант беру туралы актіге қол қойды.

"Беларусь Республикасының президенті қызметіне кірісе отырып, мен Беларусь Республикасының халқына адал қызмет етуге, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын құрметтеуге және қорғауға, Беларусь Республикасының Конституциясын басшылыққа алуға және қорғауға, өзіме жүктелген жоғары міндеттерді ардақтап және адал орындауға салтанатты түрде ант етемін", - деді Лукашенко.

Осыдан кейін Беларусь орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина Александр Лукашенкоға мемлекет басшысының куәлігін табыс етті.

Беларусь еліндегі наразылықтар

Жаппай наразылық акциялары Беларусь елінде 9 тамызда президент сайлауы болған күні басталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауда алтыншы рет Александр Лукашенко жеңіске жетті, ол 80,1% дауыс жинады. Бұл күні дауыс беру нәтижелерімен келіспейтіндердің наразылығы басталды, өйткені олардың пікірінше, сайлау нәтижелері бұрмаланды.

Ресми мәліметтер бойынша, алғашқы күні наразылыққа шыққан 6,7 мыңнан астам адам ұсталды. Республика ішкі істер министрлігі тәртіпсіздік барысында жүздеген адамның зардап шеккенін, олардың ішінде 120-дан астам құқық қорғау органы қызметкері бар екенін хабарлады. Ресми мәліметтер бойынша, үш наразылық білдіруші қайтыс болды.

Тақырып бойынша

Лукашенконың автомат ұстап жүрген видеосы таралып жатыр
Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы төмендей ме?
Беларусьтегі дүрбелең: сарапшылар елдегі жағдай Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты
Беларусьте болып жатқан жағдайға байланысты Қазақстан позициясы қандай
"Көбірек отырып қалдым": Лукашенко Ресей журналистеріне сұхбат берді
Кілт сөздер:
Александр Лукашенко, инаугурация, Беларусь
Загрузка...

Басты тақырып