06:41 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
148 0 0

Ресейлік ғалымдардың коронавирус инфекциясын әзірлеуі Батыс үшін саяси және қаржылық тұрғыдан үлкен "соққы" болды

Ресей күрделі ғылыми-технологиялық салада көш басына шығуға қақысы жоқ деген ойда. Сондай-ақ, таразының басында тұрған астрономиялық мөлшердегі қаржыға тіреліп тұрғаны даусыз. Ал оның батыстың фармацевтикалық концерндері уысынан шығып кетуін елестетудің өзі қиын.

Мысалы, Үндістанға жүз миллион дозаны жеткізу туралы бір ғана құнды келісімшарттың өзі неге тұрады?!
Бұл жерде Ресейдің өз отандық ғалымдарының зерттеу нәтижелерін қайта-қайта жоққа шығарғысы келетін кедергілермен бетпе-бет келгені таңқаларлық жағдай емес.

Алайда, ірі акулалардың жанында сөзсіз, кішкентай майшабақтардың да ілесіп жүретіні анық, ондай кезде олардың аузына үнемі майда-шүйде болсын жемтіктердің түсетінін ешкім жоққа шығара алмайды.
Дәл осындай әңгіме ықпалды медициналық бағыттағы The Lance журналындағы "Спутник-V" вакцинасын сынақтан өткізу нәтижелеріне қатысты жарияланым төңірегінде өрбіді.

Мақала тез сынға ұшырады. Шетелдік БАҚ-тың әсерінен әлемді шарлаған шулы жаңалықтың үлкені ашық хаттың айналасында болды. Онда американдық Темпл университетіні  биология ғылымының профессоры Энрико Буччи "ресейлік ғалымдардың жіберуі мүмкін қателіктеріне" қатысты қаупін жеткізген. Оның сөзін батыстың 20-дан астам ғалымы қолдады.

The Lance басылымы ресейлік вакцинаны әзірлеушілерге өздеріне бағытталған сауалдарға жауап беруді сұрайды, қарсы тарап өтінішті қанағаттандырды. Гамалея орталығы "Спутник-V" вакцинасын зерттеудің ауқымды клиникалық хаттамасын басылымға ұсынады. Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев те журналда өз бағанасын жариялайды. Онда Дмитриев сыншылардың негізгі талаптарына түсініктеме береді, бұған қоса, ресейлік ғалымдардың жүзеге асырған ғылыми зерттеулеріне қатысты күмәнді ойды сейілту жолдарын қарастыруға шақырды.

Десек те, бұл жердегі мәселе отандық зерттеушілердің "көз майын тауысқан" ғылыми материалдары туралы да емес.

Шын мәнісінде, жанжал тудырған хат авторының өзі – көрнекті тұлға. Би-Би-Си материалында Энрико М.Буччи "жалған ғылыммен күресуші" ретінде аталған. Алайда, бұл жерде "ғылымнан шыққан іскер"  сипаттамасын қолдану  анағұрлым дұрысырақ болар еді.

2016 жылы Буччи верификацияға негізделген, ғылыми жұмыстардың тазалығы мен шынайылығын тексеретін Resis Srl компаниясының негізін қалайды.

Бұл заманауи ғылымдағы айтарлықтай "сәнді" тақырыпқа айналған. Себебі, соңғы жылдары зерттеушілерді қателіктері мен "дөрекі мақалалары" үшін жиі "әшкерелейтін" болды. Ал бұл жердегі мәселе тек алаяқтық туралы ғана емес. Көп жағдайда, болмашы қателіктер ғана кездескенімен,  оның  өзі ғалымдардың, тіпті кейбір ғылыми мекемелердің беделіне нұқсан келтіріп жатады.

Мұндай күрделі проблемалардан "құтылу" үшін қазіргі таңда авторлар мен зерттеу құрылымдары осы тақылеттес жұмысқа маманданған фирмаларға өз жарияланымдарын алдын ала "тәуелсіз аудиттен" өткізіп алу мақсатында ара-тұра жүгініп жатады.  Сол сияқты Буччидің компаниясын да немістің Фриц Липман институты дәл осы мақсатта "жалдаған".  Себебі, аталған институт төңірегінде ғалымдар жүргізген зерттеу жұмыстарында жіберілген қателіктер бойынша даулы мәселе көтеріліп, үлкен шу шыққан еді. Бұл оқиға туралы бір жыл бұрын  Nature журналы жан-жақты жазған болатын.

Мұның бір нәзік тұсы бар: осы тұрпатты бизнестің белгілі этикалық шектеулері болады, ал профессор Буччи мұны жақсы түсінеді. Мәселен, Naturе басылымында 2019 жылдың желтоқсан айында Буччидің өзі тең автор болған ғылыми еңбектің тазалығы мен шынайылығына қатысты материал жарияланған еді. Ол жерде  Энрико Буччидің көзқарас қайшылығы ашық көрінген болатын.

Сондықтан, егер, коммерциялық компанияның иесі өзі маманданған қызмет саласы туралы әңгімелесе,  бұл шын мәнісінде, оның фирмасы туралы жарнамаға айналып шыға келеді.

Батыс ресейлік вакцинаның "көшбасшылығын" жою немесе тым болмағанда әлсірету үшін кезекті мәрте соққы жасау мақсатында Буччидің ашық (өз-өзін жарнамалау бағытында әзірленген) хатын пайдаланды. Ал профессор бұрын-соңды ойына да кіріп шықпаған өзі туралы жарнамаға қарық болды. Бұл басқаша айтқанда, "хайпты ұршықша иіру" деп аталады, қазір бұл қағидат бойынша медиа кеңістігінің жүздеген , тіпті мыңдаған өкілдері әрекет етеді.

Бұл болашаққта оған жаңа әрі өте тартымды коммерциялық келісімшарт түрінде қайтып келетіні анық. Себебі, үлкен саясаттың "лай суынан" хайпты сүзіп алу айтарлықтай тиімді болар еді.

Кілт сөздер:
вакцина
Загрузка...

Басты тақырып