21:35 19 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.05
  • EUR501.20
  • RUB5.47
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
33 0 0

Орыстар немістердің өз билігін өз қолына алуға деген ниетінен күдер үзсе де, англосакстар немістерді өз мүдделері үшін әлі де қолдануға болатынына сенімді

Өзің шешім қабылдай алмаған шақта барлық жауапкершілікті басқаға жүктейсің. Берлинде Алексей Навальныйдың улануы салдарынан "Солтүстік ағын–2" жобасының тоқтатылуы мүмкін екендігі және ол көп жағдайда Ресейге байланысты деп айтылуда, деп жазады РИА Новости.

"Біз күн тәртібіндегі барлық нұсқаларды қарастырып, қолайлы уақытта шешім қабылдаймыз. Ресей тергеуге қатысу арқылы "Солтүстік ағын–2" жобасының тоқтамауына өз үлесін қоса алады", – деді сыртқы істер министрі Хайко Маас. Яғни, ресейлік-германиялық қарым-қатынастың болашағы Кремльдің қолында тұр ма?

Бірақ шындығында, орыстар емес, неміс мемлекеті маңызды таңдау алдында тұр: оның алдағы әрекетінің анықтаушы сипаты әрі расымен тарихи салдары болмақ. Салдары ресейлік-германиялық қарым-қатынасқа емес, Германияның өзіне, яғни бүтіндей Еуропаға әсері болмақ.

Себебі, Навальныйға қатысты барлық оқиға қазір Ресейді емес, Германия мен оның еуропалық жобасының тексерісіне айналды. Навальныйдың аса түсініксіз жағдайда улануы (егер, расымен де уланған болса) әлі де күмәнге толы болғанымен, оны белгілі бір геосаяси мақсатта қолдану жоспары айқын болып тұр. Толықтай аяқталған жобадан бас тартудың салдары ауқымды болатынын жақсы түсінсе де, Германияны "Солтүстік ағын–2" жобасынан бас тартуға мәжбүрлеп отыр. Құрылысқа кеткен 10 миллион еуро ГФР үшін бақыр тиын секілді. Сондықтан, Германия экономикасына залал келмейді. Ал ресейлік газ қалай болғанда да Украина территориясы арқылы өтетін болады. Мұнда ең үлкен залал Герменияның беделіне келейін деп тұр.

Орыстар немістердің өз билігін өз қолына алуға деген ниетінен күдер үзсе де, англосакстар немістерді өз мүдделері үшін әлі де қолдануға болатынына сенімді. Еуропалықтардың басым бөлігі (Ресейдің газ жобаларына тікелей қатыстырылған италиялықтар мен австриялықтар секілді) Берлин жалпы еуропалық мүдделермен санасуға әлі де дайын емес екендігіне таңғалады. Ең бастысы – немістер өз дербестігін қайтара алмағанын өздері де көріп отыр. Сондықтан, Навальныйдың улануына қатысты немістердің жауабының салмағы ауыр – ең алдымен Германияның өзі үшін.

"Солтүстік ағын–2" бұл жәй ғана белгі, символ. Маастың тұжырымдамасына қарамастан, Ресей Берлинге еш көмектесе алмайды: Навальныйдың улануына қатысты орыстар жүргізген тергеудің ешқайсысы неміс билігінің өз шешімін қабылдау жауапкершілігінен босатпайды.

Соңғы жылдары Берлин англосакстер мен олардың шығыс еуропалық серіктестерінің жобаны іске қосу Украинаны транзиттен түсетін қаражаттан айырады деген желеумен "Солтүстік ағын–2" жобасын тоқтатуға деген талпынысына қарсылық көрсетіп келді. Мәскеумен арада Украина арқылы өтетін транзиттердің біршама бөлігін қалдыру туралы келісім жасалған соң, Еуропада химиялық қару қолданатын және өз азаматтарын азаптайтын елден газ сатып алу адамгершілікке жат екенін алға тартты. Одан соң Германия америкалықтарға өз қауіпсіздігін қорғағаны үшін тиісті көлемде қаражат төлемей отырғанын, бірақ орыстардан газ сатып алуын айыптады.

Берлиндегілер мұның барлығына құлақ түре жүріп, газ құбырын салуды жалғастыра берді. Ұлыбритания ЕО-дан шықты, Америкамен қарым-қатынасы шиеленісе түсті. Бұл жағдайда германиялық билік өзінің ұлттық мүдделері мен бірыңғай Еуропаны басқару құқығын қорғауға міндетті еді. Оның үстіне, неміс саясаткерлерінің барлығы Ресейді емес, АҚШ-ты Германия үшін басты проблема ретінде қабылдайды.

Навальный оқиғасын "Солтүстік ағын–2" тағдырымен байланыстыруға деген талпыныс Берлин қарсы келетін кезекті арандату секілді көрінген. Бірақ соңғы үш аптада неміс баспасөзіндегі және саяси ортадағы шу ушығып барады.

Мысалы, сыртқы істер министрі Йошка Фишер "диктаторлармен бизнес жүргізудің құны қаншалықты адамгершілікке жатады" деген сауал қойып, "Солтүстік ағын–2" жобасын тоқтатуға қолдау көрсетті.

"ЕО ішіндегі белсенді қарсылыққа қарамастан, германиялық-ресейлік газ құбырының құрылысында Ресейге жалғыз өзі көмектесемін деп шешіп, федералдық үкімет үлкен қателікке жол берді. Енді соның салдарынан саяси және экономикалық залал ауқымды болып отыр".

"Ресей секілді сенімсіз серіктеспен ұзақ мерзімді келісімдерді тұрақты дамыту қаншалықты ақылға қонымды? Бұл нағыз ақымақтық деп санаймын. Біз кіммен жұмыс жасап жатқанымызды білеміз", – дейді Фишер.

Министр өз сөзінің дәлелі ретінде Навальный мен Скрипальдің улануы, берлиндік ауданда қорғаныс тапқан шешеннің және Мәскеудегі оппозиционердің өлтірілуі секілді "дәйексіз дәлелдерді" атады да, саяси мақсатта кісі өлтіруге ойланбай баратын мемлекетпен серіктес болудың қауіпті екенін еске салды.

Сол сияқты, Фишердің бұрынғы басшысы Герхард Шредерден қай тарапты жақтайтынын анықтауды талап етіп отыр. ХДС/ХСС фракциясы төрағасының орынбасары Йохан Вадефуль бұрынғы канцлерді Ресейдегі өз қызметтерінен тез арада бас тартуға шақырды.

"Шредер саяси көзқарасын әлі де жоғалтпаған болса, ол мұндай үкіметке тәуелді компаниялар және институттармен ынтымақтастығын шұғыл доғаруы керек", – деді төраға орынбасары.

Алайда, неміс саясаткерлерінің арасында Кремьлге бағытталған жалаң айыптауларды сынға алатындар да аз емес. Мысалы, "Солшылдардың" бұрынғы көшбасшысы Сара Вагенкнехт моральдік принциптер жайлы пікір білдіргендердің екіжүзділігін әшкере етуде. Ол Навальный ісіне байланысты "Солтүстік ағын–2" жобасынан бас тартуды талап етіп отырғандар Германияның басқа да шикізат жабдықтаушыларын дәл осы критерий бойынша бағалауы керек екенін айтты.

"Бұл іске Кремльдің қатысы болса да (бірақ бұл әлі дәлелденген жоқ), бұл Сауд Арабиясында жиі орындалатын оппозиционерлердің басын алу және оларды өлімші етіп сабау секілді жиіркенішті емес. Ал біз олардан мұнай алып отырмыз. Сол сияқты, бұл ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен бейбіт тұрғындарды жарып жіберуден жиіркенішті емес. Ал мұны АҚШ талай жылдан бері тәжірибеден өткізіп келеді. Біз АҚШ-тың тақтатасты газын алып отырмыз", – деді ол.

Навальный ісінде Ресейге тағылған айыппен қатар, осы "улану" фактісінің өзі құр дабыра екені анықталып отыр. Неміс билігі ресейлік СІМ-нің ресми сауалдарына жауап беруді әдейі созбақтап жатыр. Олар бұл әрекетімен Сергей Лавровты "Берлиннің Ресей тарапынан жолданған ресми сауалдарға қатысты лайықсыз қарым-қатынасы" және "Ресейдің қатысы бар екені" жайлы әлемге жария етуінің лайықсыз әрекеті туралы пікір білдіруге мәжбүрлеп отыр.

Ресейлік тарап та үндемей қалған жоқ. Ресейлік СІМ елші Гезе фон Гайрге Германия билігінің әрекетіне қатысты ашық наразылық білдіріп, "еш фактімен дәлелденбеген айыптауларға" қатысты ультиматум қоюдың негізсіз екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, егер Берлин "бундесвер дәрігерлерінің" медициналық қорытындылардың материалын ұсынбаса, онда Мәскеу олардың бұл әрекетін ақиқатты анықтау мен объективті тергеу жүргізуге кедергі келтіру ретінде бағалайтынын айтты.

"Мұндай жағдайда ГФР әрекеттері Ресейге қарсы өрескел арандатушылық деп қарастырылып, екі ел қарым-қатынасы үшін жағымсыз салдары болады", – деді ведомстводағылар.

Навальный үшін "Ресейді жазалау" шаралары туралы шешім қабылдау кезінде Берлиндегілер ресейлік-германиялық қарым-қатынасты ғана емес, Германияның өз болашағы мен бүкіл Еуропа үшін жауапкершілікті де ойлауы керек. Қателесудің құны Ресей үшін емес, батыстағы көршілер үшін ауқымды болады.

Кілт сөздер:
Германия, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып