Әлем

"Беслан" трагедиясы: 16 жыл бұрынғы қайғылы оқиға туралы деректі фильм түсірілді

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуАрхивное фото гвоздик и свечей во время акции памяти
Архивное фото гвоздик и свечей во время акции памяти - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Фильм режисерінің пікірінше, Ресейдің жаңа тарихында бұл оқиғадан асқан қорқынышты ештеңе болған емес

АЛМАТЫ, 3 қыркүйек – Sputnik. Үшінші қыркүйекте "Россия 1" телеарнасында "Беслан" деректі фильмінің премьерасы өтеді. Фильм 2004 жылы бірінші қыркүйекте Бесландағы №1 мектепті террористердің басып алуына арналған. Қайғылы оқиға төңірегіндегі аңыз бен ақиқатты ажыратып, болжам жасаушылар мен куәгерлердің естеліктерін жинастырған режиссер Александр Рогаткин Риа Новости ақпарат агенттігіне жұмыстың қалай жүргенін, фильмдегі жаңашылдық жайында айтып берді.

"Біздің жаңа тарихымызда бұл оқиғадан қорқынышты ештеңе болған емес. Он алты жылдан бері бұл оқиға қоғам арасында саналуан пікір қайшылығын тудырып келеді. Сол себепті де бұл мәселе көптеген БАҚ өкілдерінің назарын аударып отыр. Кейінгі кезде осы қайғылы оқиғаны өз мүддесіне қолданатын адамдар да көбейіп кетті. Көптеген балама теориялар мен әңгіме, аңыздар пайда болды", – дейді Александр Рогаткин.

Режиссердің айтуынша, оның барлығы сол жылдары "Родина" фракциясының депутаты болған және теракт жағдайын тергеу бойынша парламент комиссиясының мүшесі болған Юрий Савальевтің баяндамасына негізделген. Рогаткин Савальевтің ресми баяндамаға қол қойғысы келмей, жеті томдық өзінің балама нұсқасын шығарғанын айтты.

"Савельев балалар қашып бара жатқанда террористердің тұтқындарға оқ атпағанын айтады. Кей фотоны дәлел ретінде көрсетеді. Алайда, тұтқында болғандардың қолында басқа да фотолар бар. Тіпті, сол фотолардың авторы террористердің балаларға оқ атқанын айтады", – дейді Рогаткин.

Прокуратура бұл болжамды да тексерген. "Базальт" сарапшылары 2004 жылы екі кірпіштің қалыңдығын тесіп, ғимаратты құлатуға қауқары жететін атыс қаруы да, шабуыл гранатометі де жоқ деген қорытындыға келді. Ал басқа эксперимент барысында қолдан жасалған жарылғыш орнатылған орындықты қабырға алдына қойып көргенде, нәтиже ұқсас болған.

"Савельев балалар қашып бара жатқанда террористердің тұтқындарға оқ атпағанын айтады. Кей фотоны дәлел ретінде көрсетеді. Алайда, тұтқында болғандардың қолында басқа да фотолар бар. Тіпті, сол фотолардың авторы террористердің балаларға оқ атқанын айтады", – дейді Рогаткин.

Ал фильмде көптеген адамның тағдыр-талайы мен қайғылы оқиғалар да көрсетіледі. Сол сияқты оқиға куәгерлерінің өмірі мен бүгінгі тыныс-тіршілігі көрермен назарына ұсынылады. Режиссердің айтуынша, түсірілім барысында ешқандай қиындық болмаған. Себебі, куәгерлер де, сол жерде тұтқында болғандар да көп. Олардың кейбірі сол оқиғаны есіне алғысы келмесе, енді бірі оқиғаның мән-жайын қуана-қуана баяндап беруге дайын.

Оқи отырыңыз: Күллі әлемді күңіренткен трагедия: Беслан мектебіндегі теракт - жантүршігерлік видео

Фильм түсірілімі шілде айында басталып, үшінші қыркүйекте дайын болды. Режиссер деректі фильмде көптеген сұраққа жауап алуға болатынын айтады.

Еске сала кетейік, Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы №1 мектепте лаңкестік әрекет 2004 жылы 1 қыркүйекте болған. Жаңа оқу жылының басталуына арналған жиын кезінде террористер 1100-ден астам адамды кепілге алған. Оның ішінде балалар мен ата-аналар, мектеп қызметкерлері болды. Кепілге алынғаннан кейінгі үшінші күннің түс кезінде мектептің спорт залында жарылыс болып, ғимарат құлап, өрт шығады.

Оқиғаға қатысқан 32 террористің тек біреуі ғана тірі қалды. Ал кепілге алынған адамдардың 334-і қайтыс болды. Оның ішінде 186 бала бар. 800-ден астам адам жарақат алып, 72 бала мен 69 ересек адам мүгедек болып қалды.

Жаңалықтар
0