Әлем

Чилиде "Dearmash Fm" радиосы ашылды

© Photo : Официальный сайт Димаша КудайбергенаПолный аншлаг на концерте Димаша Кудайбергена в Нью-Йорке
Полный аншлаг на концерте Димаша Кудайбергена в Нью-Йорке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Радио эфирінен Димаштың әндерімен бірге өнер жұлдызының шығармашылық жолы мен ол туралы деректер, туған жеріне қатысты хабарлар таратылады

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Чилидегі "Dearmash Fm" интернет радиосы тәулік бойы қызмет көрсетеді. Аптаның 7 күнінде де Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалатын бұл радио 16 шілде күні іске қосылған.

"Радиостанция Димаштың шығармашылығын насихаттау мақсатында ашылды. Оның өнері, Отаны мен Қазақстанның мәдениетін қамтитын болады. Интернет радионы тек Чили халқы ғана емес барлық Латын Амеркасы тыңдай алады", – деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Радионың негізін қалаушы, әрі директоры Карлос Пачеко. Жұмысты жолға қойып, жоспарды жүзеге асыруға Мария Инес Санчес пен Вивиана Суньига да үлес қосқан.

"Әр жұма, Чилидің жергілікті уақытымен 22.00-де "Dearmash Fm" радиосында Димаш Құдайбергеннің өзі орындаған әндерімен бірге қазақ өнер жұлдызының шығармашылық жолы, ол туралы деректер, туған жеріне қатысты өткен бағдарламалар қайталап беріледі", – делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген Қазан әуежайын дүрліктірді - видео

"The singer", "Димаш және Игорь Крутой", "Қазақстан" тақырыптарын қамтитын радиобағдарламаларды тұрақты түрде трансляциялауға Димаштың Оңтүстік Америкадағы жанкүйерлері құрған "DQ Alianza Sudamericana Official" тобы қолдау танытып отыр.

Жаңалықтар
0