17:29 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1138 0 0

Беларусь президентімен бірге оның ұлы Николай да бой көрсетті – оларға күзетшілер мен әскери адамдар еріп жүрді

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенконың автомат ұстап бара жатқан видеосы желіде тарап кетті. Бронежилет киген мемлекет басшысы Тәуелсізік сарайын күзетіп тұрған арнайы жасақтың сарбаздарына алғыс білдірді.

Демалыс күндері Беларусь астанасы – Минск қаласында тағы наразылық шеруі өтті. Осы жолы митингіге шыққандар Тәуелсіздік сарайына баса-көктеп кіргісі келген. Бірақ көп ұзамай, кері қайтты.

Лукашенконың баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонттың айтуынша, 23 тамызда мемлекет басшысы күні бойы Тәуелсіздік сарайында орналасқан ахуал орталығында жұмыс істеген.

"Кешке қарай көшеге шыққан адамдар ғимаратқа жақындап, шабуыл жасағандай болды. Сол кезде мемлекет басшысы сарайдың ішінде отырды. Бірақ митингіге шыққандардың батылы жетпеген сияқты. Олар жағдайдың ушығып кететінін түсінгеннен кейін кері бұрылып қашты", - дейді Эйсмонт.

Осыдан кейін Александр Лукашенко тікұшақ алдырып, қаланы биіктіктен қарап шыққан. Митинг өткен даңғылға да барды.   

Дәл сол кезде әлеуметтік желілерде оның тікұшақпен қашып кеткені туралы ақпарат тарап кетті. Бірақ Наталья Эйсмонт ол мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлады Sputnik Беларусь.

"Президент ешқайда кетпеймін деп уәде берген. Ол өз сөзінде тұрды. Бірақ кейбір блогерлер мен Telegram-арналар бәрін басқаша етіп көрсетуге тырысты. Мемлекет басшысы ешқайда қашқан жоқ. Оның балалары да жанында жүр. Видеода кіші ұлының бірге жүргенін көруге болады", - деді Эйсмонт.

Оқи отырыңыз: Беларусьтегі президент сайлауының соңғы қорытындысы жарияланды 

Александр Лукашенко қаланы қарап шыққаннан кейін Тәуелсіздік сарайын күзетіп тұрған арнайы жасақтың сарбаздарына барды. Беларусь президенті қоршауға жақындағанда сарбаздардың "Біз сізбен соңына дейін боламыз!" деген сөздері естілді. Ал Лукашенко алғыс білдіріп: "Бәрі жоспар бойынша. Мәселені шешеміз", - деп қысқа ғана қайырды. Видеоның соңында сарбаздар оған қол шапалақтайды.

Тақырып бойынша

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы төмендей ме?
Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды
Беларусьте болып жатқан жағдайға байланысты Қазақстан позициясы қандай
Беларусьтегі дүрбелең: сарапшылар елдегі жағдай Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты
Кілт сөздер:
видео, Александр Лукашенко
Загрузка...

Басты тақырып