Әлем

Жапониялық мамандар коронавирустың үшінші толқыны болатынын ескертті

© AP Photo / Aaron FavilaСотрудники морга сопровождают тело погибшего от коронавируса
Сотрудники морга сопровождают тело погибшего от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инфекционистер коронавирустың үшінші, төртінші толқыны да болуы мүмкін екенін айтты. Олар мұндай жағдайдағы өмірге үйрену қажет деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Токиода инфекционистердің жиынында мамандар ел коронавирустың екінші толқынын бастан кешіп жатқанын айтты.

"Қазір Жапония екінші толқынның ортасында. Алдағы уақытта жағдайды мұқият бақылау керек. Вирусты жұқтыру шыңынан өтіп жатырмыз, бірақ тағы да өсім болмауын қамтамасыз ету қажет. Коронавирустың үшінші, төртінші толқыны да болуы мүмкін. Осындай жағдайдағы өмірге бейімделуіміз керек", - деп хабарлайды NHK инфекционистер қоғамының төрағасы Кадзухиро Татэдаға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Жапонияда 58,5 мың адам COVID-19 жұқтырған. 1 148 адам қайтыс болды.

Қазақстанда осы жылдың 13 наурызынан 19 тамызына дейін 103 571 адам індетке шалдықты, 1446 науқас көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазіргі уақытта 15 839 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың арасында 71 бала бар.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі биыл күзде коронавирус күшейеді деген болжам айтқан болатын. Сол кезде өткір респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмаудың маусымы басталады. Соның аясында коронавирустың жаңа толқыны болады деген болжам бар.

Жаңалықтар
0