Әлем

Коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина қашан тіркеуден өтетіні белгілі болды

© REUTERS / IMPERIAL COLLEGE LONDON/THOMAS AСотрудник лаборатории набирает в шприц препарат во время испытания вакцины против коронавируса
Сотрудник лаборатории набирает в шприц препарат во время испытания вакцины против коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдегі Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығында әзірленген вакцина 12 тамызда тіркеледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцина 12 тамызда тіркеледі, деп хабарлайды РИА Новости.

"Гамалея орталығында жасалған вакцина 12 тамызда тіркеуден өтеді деп жоспарланып отыр. Ең алдымен медицина қызметкерлері мен қарт адамдарға вакцина қойылады", - деді Ресей денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гриднев Уфада өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Ол сарапшылардың халықтың иммунитеті қалыптасқаннан кейін препараттың тиімділігін бағалай алатындығын атап өтті.

Коронавирусқа қарсы вакцина қалай әзірленді

Гамалея орталығында жасалған вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу 18 маусымда басталды. 38 ерікті қатысқан алғашқы сынақта оның қауіпсіздігі дәлелденді, яғни еріктілердің барлығында инфекцияға қарсы иммунитет дамығанын көрсетті.

Орталық директоры Александр Гинцбург коронавирусқа қарсы вакцина барлық адамға тиімді болмайтынын айтады. Кез келген препарат аурудың асқынуына алып келуі мүмкін. Сондықтан да созылмалы аурулары бар адамдар мамандармен кеңескені жөн.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды

Айта кетейік, Ресейде жаппай вакцинация қазан айында басталады деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0