Әлем

Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты

© Sputnik / Татьяна Макеева / Медиабанкке өтуПациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото
Пациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәулеленуден кейін пациенттер қанында оттегі қанықтылығының жоғарылауы анықталып, өкпедегі ауырсыну жоғалған және иіс сезу қайта қалпына келген

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Ресей ғалымдары коронавирусты емдеудің жаңа әдісін тапты. "МИФИ" ұлттық ядролық ғылыми зерттеу университетінің магистранттары коронавируспен қатар ауыр ауруларды да қауіпсіз емдеуге арналған жарықдиодты қондырғы жасап шығарды.

Дененің басым бөлігін қызыл диапазонды спектр жарығымен сәулелендіру арқылы емдейтін бұл қондырғы фотодинамикалық әдісті қолданады, деп жазады РИА Новости.

Профессор Виктор Лощенов бұрын бұл әдіс институтта ісіктерді диагностикалау және емдеу үшін жасалғанын айтады. Емдеу фотосенсибилизатор арнайы препаратын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

"Науқастың денесіне енгізілген препарат вирустарды құрсаулап, радиацияның әсерімен өлтіреді. Фотосенсибилизаторлар цитокиндік дауылға жауап беретіндіктен иммундық-белсенді жасушаларды залалсыздандырады да, иммундық жүйе ағзасының вирустан өлуін болдырмайды", – деп түсіндірді ол.

Профессор бұл әдіс өте тиімді, жанама әсерлердің минималды мөлшеріне ие әрі іс жүзінде асқынуға жол бермейтінін атап өтті. Ал аталған әдіс бойынша коронавирусы бар 40-тан астам пациент жаңа ем алған.

"Сәулеленуден кейін пациенттер қанында оттегі қанықтылығының жоғарылауы анықталды. Өкпедегі ауырсыну жоғалып, иіс сезу қайта қалпына келді. Бұл топтағы қалпына келу деңгейі сәуле қабылдамағандарға қарағанда тезірек жүрді", - дейді профессор.

Жаңа қондырғы қалай жасалды

Лощенов бүгінгі күнге дейін әлемде науқасқа зиян келтірмей жеткілікті қуат пен энергия тығыздығымен сәулеленуге мүмкіндік беретін қондырғылар болмағанын айтады.

"Қолданыстағы жүйелердің 1,5 Вт қуаты жеткіліксіз болғандықтан, оны шамамен 10 есеге, кем дегенде 12 Вт-қа дейін арттыру қажет болды", - дейді ол.

Лощенов пандемияға байланысты институттар мен зертханалар жабылғандықтан, жұмыс оңай болмағанын тілге тиек етті.

"Магистранттар 3D принтерлерді жатақханаларына апарып, барлық сұрақтарды онлайн-режимде талқылады. Сөйтіп, олар Сеченов атындағы №1 орталық клиникалық аурухана базасындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университетінің медициналық қауіпсіздіктің қатаң талаптарына сәйкес қуаттылығы 12 Вт құрайтын құрылғылар жасап шығарды", - деп мәлімдеді Виктор Лощенов.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты

Ол бүгінде Ресейдің медициналық мекемелерінде дәрістер мен практикалық сабақтар өткізетін университет зертханасында жүздеген жоғары технологиялық медициналық құрылғылар бар екенін алға тартты. Сонымен қатар, жұмыс барысында барлық мүмкіндіктерді пайдалана алатын мамандар тапшылығы байқалатынын жоққа шығармады.

Сондықтан да қазіргі кезде университетте ойлап табылған құрылғыларды қолдана отырып, науқастарды диагностикалау мен емдеу ісі бойынша мамандар дайындалуда.

Жаңалықтар
0