Әлем

Мұздықтардың еруі ежелгі вирустардың қайта таралуына әкелуі мүмкін – ғалым

© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өтуМыс Маскар на острове Аделейд в Антарктиде
Мыс Маскар на острове Аделейд в Антарктиде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жер шарындағы экожүйенің өзгеруі эпидемиологиялық жағдайға қалай әсер ететінін адамзат зерттеуі тиіс, дейді ғалымдар

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Климаттың жылынуына байланысты мұздықтардың еруі ежелгі экожүйелер бөлшектерінің жер бетіне шығуына, соның ішінде вирустардың қайта таралуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы Тынық мұхиты география институтының Черский елді мекеніндегі солтүстік-шығыс ғылыми-тәжірибелік станциясының аға ғылыми қызметкері Сергей Давыдов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресей территориясының 10%-тен астамы – мәңгі тоң. Бұл миллиондаған жыл бұрын қатып қалған шөгінділер. Ірі жануарлар әлемінен құралған мамонттар экожүйесіндегі мамонт пен қошқарөгіз және жүнді мүйізтұмсықтардың өздеріне тән аурулары болды. Оның бәрі де кезінде қатып қалды, ал қазір еріп жатыр", - деді ғалым.

Давыдов зерттеушілердің жаңа вирустар тауып жатқанымен, олардың "адамдарға әсер ете қоймайтынын" айтады.

Бірақ ол бір кездері өлімнің жоғары көрсеткішіне алып келген қара шешек ауруынан Сібірдің солтүстік-шығысындағы юкагирлердің саны күрт азайғанын еске салды.

Оқи отырыңыз: Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?

"Тоңның арасында қара шешектің сақталуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан да бұрын болған эпидемиялар зерттеуді қажет етеді", - дейді ғалым.

Жаңалықтар
0