Әлем

Арзан әрі тиімді: ДДҰ короновирусты емдеудегі ғылыми серпіліс жайлы хабарлады

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуМедик готовит шприц, архивное фото
Медик готовит шприц, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қабынуға қарсы препарат жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастардың жазылып шығу мүмкіндігін арттырады

АЛМАТЫ, 17 маусым – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) дeксаметазон препаратын Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеудегі ғылыми серпіліс деп атады, деп хабарлайды РИА Новости.

Дексаметазонның тиімділігі туралы зерттеуді Оксфордтың британдық ғалымдары жасады. Олар дексаметазонның Covid-19 жұқтырып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастардың өлім қауіпін 35%-ке, оттегі жетіспейтін науқастардың өлімін 20%-ке төмендететінін анықтады.

Британияда бұл дәрінің бір қаптамасы бар-жоғы бес фунт стерлинг (2 550 теңге - Sputnik) тұрады.

Ұлыбритания Covid-19 инфекциясы бар науқастарды дексаметазонмен емдеуді бастады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ұлыбританияның алдын ала зерттеудің нәтижесін бергенін хабарлады.

Айта кетейік, Қазақстанда бастапқыда тыйым салынған "хлорохин" және "гидроксихлорохин" препараттары қайта қолданыла бастады. Мамырдың соңында бұл дәрілер коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін арттыруы мүмкін деген зерттеу жарияланған еді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда вирус жұқтырғандарды емдеуге "Гидроксихлорохин" қолданылмайды

Кейінірек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары "гидроксихлорохин" препаратын Covid-19-ға қарсы дәрілік препараттар тізіміне қайтару туралы шешім қабылдады. Инфекциядан қайтыс болғандар жайлы дерекке сүйене отырып, мамандар емдеу хаттамасын өзгертуге себеп жоқ деген қорытындыға келген.

Жаңалықтар
0