Әлем

Коронавирус–2: Бейжің базарынан табылған штамм жұқпалы болуы мүмкін

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТушки рыбы, архивное фото
Тушки рыбы, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайдың ірі сауда орталығында эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде импортталған арқан балықты өңдеу тақтасынан коронавирус инфекциясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Бейжіңнің "Синьфади" базарынан табылған SARS-CoV-2 коронавирусы оның алдындағы уханьдық "Хуаннанға" қарағанда қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы Ухань университеті жанындағы медициналық бөлімшенің вирусология институтының профессоры Ян Чжаньцю мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik радиосы.

"Хуаньцю шибао" газетіне берген сұхбатында Ян Чжаньцю Бейжің мен Уханьда ауырған адамдардың санын салыстыра отырып, жағдайдың бірдей екендігі анықталғанын айтады.

"Алайда, вирустың жаңа аурулары мен штаммдарының пайда болуы вакциналарды зерттеу мен жасауды қиындатады", –­ дейді қытайлық профессор.

Уханьда коронавирус індеті қыстың кезінде анықталып, тарай бастады. Ал Қытай астанасындағы жазғы температура аурудың таралуына ықпал етпейді деген сенімге негізделген.

Солай десек те, Қытай вирустан қорғанумен және онымен күресте айтарлықтай тәжірибе жинады.

Бейжің базарындағы коронавирус

Қытайдың Фэнтай ауданындағы "Синьфади" ірі сауда орталығында сенбі күні эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, импортталған арқан балықты өңдеу тақтасында коронавирус инфекциясы анықталып, базар уақытша жабылды.

Бейжің үкіметі өкілдерінің мәлімдеуінше, қалада 76 499 адам коронавирусқа қарсы тест тапсырып, 59 сынама оң нәтиже көрсеткен.

Оқи отырыңыз: Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Айта кетейік, Бейжіңде COVID-тің жаңа жағдайлары тіркелуіне байланысты әскери жағдай енгізілді.

Жаңалықтар
0