Әлем

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМысық балық жеп жатыр
Мысық балық жеп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Аурухана қызметкері  - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды
Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

Жаңалықтар
0