Әлем

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

© AFP 2024 / Lionel BonaventureЛоготип WhatsApp
Логотип WhatsApp  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа функцияның арқасында қолданушылар телефон нөмірі шифрланған жеке кодты бөлісе алатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. WhatsApp-тың iOS-қа арналған жаңартылған нұсқасында QR-кодты анықтау функциясы пайда болды. Бұл туралы Wabetainfo хабарлады.

Порталдың ақпаратына сәйкес, жаңа опцияның арқасында мессенджер қолданушылары телефон нөмірі шифрланған жеке кодты бөлісе алады. Бұл комбинацияны алған соң сканерлеп, адамның нөмірін телефонға сақтайсыз.

Шифрленген ақпарат қателесіп, басқа адамға жіберілсе, QR-кодты өшіріп, жаңасын жасауға болады.

Мұндай жаңашылдық жақында Android операциялық жүйесінде де енгізіледі.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша ұтып алуға болады

Жуырда WhatsApp қытайлық WeChat сынды "супер қосымшаға" айналуы мүмкін екені айтылды.

Жаңалықтар
0