Әлем

Содырлар тобының басшысы америкалықтардың лаңкестермен байланысы туралы айтты - БАҚ

© Sputnik / Mikhail Voskresensky / Медиабанкке өтуРайон Джобар в пригороде Дамаска
Район Джобар в пригороде Дамаска - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Содырлар мұнай-газ және көлік нысандарына, сондай-ақ Дамаск бақылауындағы аумақта шабуылдар ұйымдастыруға дайындалған, деп жазды БАҚ

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Сирияның үкіметтік әскерінің жағына өткен содырлар тобының қолбасшысы Абу Хамзи ресейлік журналистерге Эт-Танф базасындағы америкалық әскерилердің Ислам мемлекеті* лаңкестік тобымен белсенді түрде жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Таяуда тірек пунктін тастап, Башар Асад бөлімшелеріне берілген бұл топ АҚШ әскери базасында оқытылған. БАҚ-тың хабарлауынша, қашып кеткен содырлар мұнай-газ және көлік нысандарына диверсия жасауға, сондай-ақ Дамаск бақылауындағы аумақта террористік шабуылдар ұйымдастыруға дайындалған.

"Америкалықтар бұл жерді өздерінің меншігі деп санайды. ОларИГ* лаңкестік тобының мүшелерімен жұмыс істейді. Оларды оқытып, дайындаумен айналысады", – деді Әбу Хамзи.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей балаларды Сириядан қайтару бойынша тәжірибе алмасып жатыр

Сирия мен Иорданияның шекарасындағы Эт-Танф аймағында АҚШ-тың әскери базасы орналасқан. Америкалық әскерилердің бақылауындағы базаның айналасындағы 55 шақырымдық жерде босқындар лагері орналасқан. Ресей және Сирия сыртқы істер министрлігінің өкілдері лагерьдегі жағдай гуманитарлық апатқа жақын екенін бірнеше рет мәлімдеген еді. 

Жаңалықтар
0