Әлем

Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады

© REUTERS / BRIAN SNYDERМедик держит пробирку с анализом на коронавирус
Медик держит пробирку с анализом на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар ААФ2 ақуызы коронавируспен өзара байланысқа түскенде инфекцияның таралуына жағдай жасайтынын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Ер адамдар әйелдерге қарағанда COVID-19 індетін жиі жұқтырады. Себебі олардың қанында "ангиотензин айналдырушы фермент - 2" (ААФ2) деген мембраналы ақуыз көп. Сол арқылы коронавирус жасушаларға кіріп кетеді, деп хабарлады Еуропа кардиологтарының қоғамы (ESC).

Жаңа зерттеуге сәйкес, ААФ2 жасушалардың сыртындағы рецептор болып саналады. Ол коронавируспен өзара байланысқа түскенде инфекцияның таралуына жағдай жасайды.   

"Негізі өкпеде ААФ2-нің концентрациясы көп. Сол себепті дәл осы ферменттер COVID-19-ға өкпеде кеңінен таралуына көмектеседі", - дейді зерттеудің жетекшісі, Гронинген медициналық орталығының кардиология профессоры, доктор Адриан Воорс.

Ғалымдар тобы Еуропаның 11 мемлекетінде тұратын 3,5 мың адамнан сынама алып, ААФ2-нің концентрациясын есептеп шықты. Барлығында жүрек ауруы болған. Зерттеу кезінде ААФ2 ер адамдардың ағзасында көп екені анықталды.

Зерттеу жұмыстары коронавирус пандемиясына дейін басталған. Сол себепті COVID-19 жұқтырғандар есепке алынған жоқ. Алайда кейінгі жұмыстар ААФ2 коронавирустың таралуына жол ашатынын көрсеткеннен кейін ғалымдар осы жұмыстың алдыңғы зерттеумен үндесіп жатқанын түсінді.      

Оқи отырыңыз: Сингапур ғалымдары Қазақстан індетті қашан жеңетінін болжады 

"ААФ2-нің ер адамдарда көп екенін анықтағаннан кейін мен әйелердерге қарағанда ер азаматтар арасында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші неге көп екенін түсіндім", - деді авторлардың бірі доктор Изайя Сама.

Ғалымдардың айтуынша, ААФ2 өкпеде ғана емес, жүректе, бүйректе, әсіресе, атабезде көп кездеседі.

Бұдан бөлек, ғалымдар жүрек жетіспеушілігі бар адамдар арнайы препарат қабылдағанда ААФ2 концентрациясының артқанын байқамаған. Дегенмен, ондайда коронавирустың жаңа түрі қалай таралатыны белгісіз. Себебі жаңа зерттеуге COVID-19 жұқтырған науқастар қатыспаған.

Жаңалықтар
0