Әлем

"Гарри Поттер" фильмінің барлық бөлімін көріп шыққандарға мың доллар береді

© Associated Press"Гарри Поттер и проклятое дитя"
Гарри Поттер и проклятое дитя - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марафонды бастаған компания өкілдерінің айтуынша, үміткерлер үзіліссіз 25 сағат 6 минут ішінде 10 фильмді тамашалап үлгеруі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Америкалық EDsmart білім беру ұйымы "Гарри Поттер" мен "Фантастические твари" фильмдерінің барлық бөлімін тамашалаған көрермендерге 1 мың АҚШ долларын төлейтінін жариялады.

Жүлдеге ие болу үшін үміткер "Гарри Поттердің" сегіз бөлімін және "Фантастические твари" фильмінің екі бөлімін үзіліссіз 25 сағат 6 минут ішінде тамашалап үлгеруі тиіс.

"Біз іздейтін адам тек Гарри Поттердің жанкүйері ғана емес. Ол сонымен қатар әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, "Гарри Поттер" мен "Фантастические твари" марафонының тікелей трансляциясын жүргізетін болады", – дейді ұйымдастырушылар.

Шарт бойынша бұл марафонның бес жеңімпазы тек кәмелеттік жасқа толған АҚШ тұрғындарының арасынан ғана таңдалады. Қатысушыларға қаржылай марапаттан басқа сыйлықтар жиынтығы табысталады.

Жаңалықтар
0