Әлем

Коронавирус індетін жұқтырып алудың ең ықтимал жолы анықталды

© REUTERS / BRIAN SNYDERМедик держит пробирку с анализом на коронавирус
Медик держит пробирку с анализом на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Неміс ғалымдары заттарды ұстағаннан кейін COVID-19 індетіне шалдығу тәуекелі өте төмен деген қорытындыға келді

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Германияның Вирусология және ВИЧ саласындағы зерттеулер институтының ғалымдары коронавирусты жұқтырудың ең ықтимал жолын атады. Олар бұл індет топтасқан адамдардың көпшілікке арналған іс-шараларда ұзақ және тығыз байланыс жасауының салдарынан өршіп кететінін анықтаған.

Бұл туралы зерттеу авторларының бірі Хендрик Штреек RTL Today-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты кімдер өте сирек жұқтыратыны белгілі болды 

Зерттеу нәтижесі бойынша мамандар заттарды ұстағаннан кейін коронавирусқа шалдығу қаупі нөлге тең деген қорытындыға келді. Зерттеу барысында олар әр түрлі заттардың бетінен тірі вирустың белгілерін таба алмаған.

"Біз есік тұтқаларынан, телефондардан немесе дәретханалардан сынама алған кезде, олардың негізінде зертханада вирусты өсіре алмадық", - деп атап өтті Хендрик Штреек журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, егер науқас қолына жөтеліп, сол мезетте қандай да бір затты ұстаса, содан кейін оны басқа адам ұстап, қолын бірден бетіне тигізсе ғана індетті жұқтыруы мүмкін. Бірақ мұндай жағдай, сарапшының пікірінше, өте сирек кездеседі.

Сонымен бірге ғалымдар COVID-19 індеті адамдар көпшілік іс-шараларда басқалармен ұзақ және тығыз байланыста болған кезде ең көп таралатынын анықтаған. Бұл вирус көбінесе науқас адамдармен тікелей байланыста болған кезде берілетін көрінеді.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемге таралды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша, індетті жұқтырғандардың саны екі жарым миллион адамға жетті, 177 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0