Әлем

АҚШ-та коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды

© Sputnik / Юлия КузнецоваАрхивное фото больницы
Архивное фото больницы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та тіркелген. Бұл көрсеткіш 355 мыңнан асты. Тоғыз жарым мың адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір - Sputnik. АҚШ-та 51 жыл бойы отасқан ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости

Олардың баласы Бадди Бейкердің айтуынша, 74 жастағы әкесі мен 72 жастағы анасы коронавирустан қайтыс болған. Арасы алты минут. 

"Ата-анамның денсаулығы өте жақсы болатын. Алайда өткен айда оларда пневмонияның жеңіл түрі анықталып, ауруханаға жеткізілді. Астмамен ауыратын әкем ауруханада қалды. Ал анам үйге жіберілді", - дейді ол.

Кейін дәрігерлер әкесінің коронавирус жұқтырғанын анықтаған. Балалары бұл туралы анасына айтпаған. Бірақ оны да ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдапты. 45 минуттан соң әйелде де COVID-19 анықталды. Дәрігерлер екеуінің бір бөлмеде болуына мүмкіндік берді. 

Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та тіркелген. Бұл көрсеткіш 355 мыңнан асты. Тоғыз жарым мың адам көз жұмып, 17 мың адам жазылған.

Жаңалықтар
0