Әлем

Министрлік қазақстандық коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа түсініктеме берді

© AP Photo / Ahn Young-joonЛюди в масках в Южной Корее во время вспышки коронавируса
Люди в масках в Южной Корее во время вспышки коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Кореяда коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы дәрігерлерден қашып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Қазақстандық дипломаттар мән-жайды анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықта коронавирус анықталды деген ақпаратты түсіндірді.

"Бұл ақпарат дәлелденген жоқ. Корея тарапынан Сеулдағы Қазақстан елшілігіне ресми хабарлама түспеді. Біздің дипломаттар Кореяның желілерінде тараған ақпаратты тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Кореяның әлеуметтік желілеріне сүйеніп ақпарат таратқан болатын. Хабарламада Кореяда коронавирусқа тексерілген қазақстандықтың індетті жұқтырғаны анықталғаны жазылған. Кейбір деректерге сәйкес, оның жуырда Кунпхо қаласынан Ансонға көшкені айтылған. Қазір жергілікті полиция ер адамды іздестіріп жатқаны да хабарланған еді. Әлеуметтік желіде, әсіресе, орыс тілді топтарда оның аты-жөні мен суреті таралып кеткен.

Джон Хопкинс институтының мониторингіне сәйкес, әлемде 92 283 адам коронавирус жұқтырған. Оның 3 129-ы көз жұмды, 48 175 адам дерттен айықты.

Тағы оқыңыз: "Бұл нақты дерек": дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қызға диагноз қойды

Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Қытай және Иранмен жолаушы тасымалы тоқтатылды. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореямен қатынайтын әуе рейстерінің саны азайтылды.

Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға 1 наурызға дейін елге оралу керек екені айтылған болатын.

Жаңалықтар
0