Әлем

Дәріханаға кезекте тұрған адамдар жұртты шошытты – видео

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАптека
Аптека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Супермаркеттердің бірі 1,41 миллион масканы жарты бағасына сататынын хабарлаған. Сатып алушылар бірден ұзын-сонар кезекке тұрды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан - Sputnik. Оңтүстік Кореяның Дэгу қаласында медициналық маскаға кезекте тұрған адамдардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Daily Mail жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Видеода кезектің аяқталған тұсы мүлдем көрінбейді. Супермаркеттердің бірі 1,41 миллион масканы жарты бағасына сататынын хабарлаған. Сатып алушылар бірден ұзын-сонар кезекке тұрды.

Айта кетсек, Оңтүстік Корея коронавирус жайлаған Қытайдан кейінгі екінші ел. Індет, негізінен, видеодағы Дэгу қаласында өршіген. Тұрғындарда дүрбелең басталды.

Тағы оқыңыз: Жолаушылар пойызында коронавирус "табылды": вагон қоршауға алынды

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда қауіпті вирусты 800 адам жұқтырған.

Жаңалықтар
0