Әлем

Коронавирус ОПЕК-ке қалай әсер етті

© AP Photo / Nabil al-JouraniАрхивное фото иракских рабочих на нефтеперерабатывающем заводе
Архивное фото иракских рабочих на нефтеперерабатывающем заводе  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытай Халық Республикасынан тараған коронавирус індеті ОПЕК ұйымына қалай әсер етті екен?

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Мәскеу коронавирус эпидемиясына байланысты мұнай шығаруды күрт қысқарту туралы ОПЕК ұсынысымен келіскен жоқ.

Бұның салдарынан мұнай картелімен қарым-қатынас ушықты, ал шикізат нарығына бағаның құлдырау қаупі төнді.

Мұнайшылар неге сеніп отыр және қалыптасқан жағдайда оларға өндіріс көлемдерін азайту неге тиімді емес. Бұл туралы РИА Новости материалынан оқыңыздар.

Мұнай нарығы "қалтырап тұр": коронавирустың таралуы туралы жаңалықтарға байланысты белгіленімдер біресе күрт өседі, біресе құлдырайды.

Тағы оқыңыз: Ноғаев ресейлік әріптесімен кездесті

Сарапшылар эпидемияның әлемдік экономикаға қаншалықты қымбат түсетінін бағалауға тырысуда. Әзірге олардың қорытындылары оптимизммен ерекшеленбейді.

Бір апта бұрын ОПЕК мұнайға әлемдік сұраныс болжамын бірінші тоқсанда күніне 440 мың баррельге – шамамен үштен бірге төмендетті.

Жалпы, 2020 жылы орташа тәуліктік тұтынуды 230 мың баррельге қысқарту күтіліп отыр.

Тағы оқыңыз: Әлемдік мұнай нарығы қайта бөліске түсе бастады

Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) одан да пессимистік күйде отыр. Осы ұйым сарапшылары ақпандағы есебінде сұраныстың 2020 жылы тәулігіне 365 мың баррельге төмендейтінін болжаған.

Осы жағдайда Сауд Арабиясы, жетекші мұнай өндіруші әрі ОПЕК көшбасшысы өндірісті жылдам қысқартуға шақырды.

Бұл белгіленімдерді барреліне 60 доллар немесе одан жоғары деңгейде ұстап тұру үшін жасалды. Толығырақ РИА Новости материалынан оқыңыздар.

Тағы оқыңыз: Сауд Арабиясы және Ресей: мұнай саласында не болып жатыр

Жаңалықтар
0