Әлем

Ресейде ер адам бүтін бір отбасын өлтірді: оқиға орнында түсірілген видео

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуПожилые люди покупают продукты на рынке, архивное фото
Пожилые люди покупают продукты на рынке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеоға оқиға орнына құқық қорғау органы қызметкерлері келген сәт түсірілген. Жергілікті тұрғынның айтуынша, қаруды қылмыскерден оқиға орнында кездейсоқ болған 17 жастағы жігіт алып қойған

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан - Sputnik. Ресейдің Калининград қаласында ер адам ерлі-зайыптыны өлтіріп, баласын жаралады. Видеоны Mash Telegram-каналы жариялады.

Видеоға оқиға орнына құқық қорғау органы қызметкерлері келген сәт түсірілген. Жерде автомат жатыр. Жергілікті тұрғынның айтуынша, қаруды қылмыскерден оқиға орнында кездейсоқ болған 17 жастағы жігіт алып қойған.  

Ер адам ерлі-зайыптыны өлтіріп, кәмелетке толмаған баласын жаралаған. Сондай-ақ, әйелдің екінші рет аяғы ауыр еді. Жүктіліктің бесінші айы болыпты. Сұмдық қылмыстан соң ер адам өз-өзіне қол салуға әрекет жасады. Ол жансақтау бөлімінде жан тапсырған. Қылмысқа базардағы орынды бөлісе алмауы себеп болды деген болжам жасалып отыр. Оқиға қаланың орталық базарының кіреберісінде болған.

Жаңалықтар
0